È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тұлғалар
  • Тест
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Пікірлер
  • Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

  • 6 Қазан, 2018
  • Brod.kaz
  • 2 017
  • 0
Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Алматы қаласында 20-23 қыркүйек аралығында болып өткен Baikonyr Short Film Festival өз мәресіне жетті.

Фестиваль аясында көрермен назарына ұсынылған фильмдердің барлығы да кино өнері саласында әлі тәжірибе жинай қоймаған жас мамандардың жұмысы.

Аталмыш фестивальдің негізгі мақсаты - жас мамандарды қолдау, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Елімізде жас киногерлерге осындай қолдау көрсететін іс-шаралар бар екені қуантады.

Осы ретте, Baikonyr Short Film Festival үздік деп таңдаған туындыларға шолу жасап өтсек.

«Самал» (реж. Шұғыла Сержан) қысқаметрлі фильмінде басты рольді сомдаған Жанэля Аликова – «үздік актриса» жүлдесіне ие болды. Самал есімді кейіпкер ұзақ уақыттан соң қаладан үйіне оралады. Оқиға шиеленісі ағасының ауру анасын жындыханаға тапсырып, қалаға көшу жайлы шешімімен өрбиді. Дегенмен, анасының әлі де болса балаларының жағдайын ойлап, өз ауыртпашылығын салғысы келмейтінін фильм соңында байқаймыз.

«Үздік актер» номинациясы бойынша жүлдені «Асан» (реж. Берік Жаханов) фильміндегі бас кейіпкер Азат Жұмаділов қанжығасына байлады. Фильмнің оқиғасы әкесін көптен бері көрмеген, алайда қазасына жолға шыққан Асан есімді жеткіншек туралы. Кейіпкердің әкесіне деген жағымсыз естеліктері мен ренішіне қарамастан, ол өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінеді.

«Ессіз күндер» (Дикие дни, реж. Самғар Рахым) – «Бродвей» кинопорталының таңдауы түскен фильм. Фильм өзге туындыларға қарағанда комедиялық тұстарымен ерекшеленді. Фильмнің режиссері заманауи әлеуметтік мәселелерді авантюрист кейіпкер образы арқылы қозғайды.

«Үздік дыбыс» (реж. Майя Галым) номинациясын иеленген «Жеңімпаз» фильмі 90-жылдардағы құлдырау кезеңін бейнелейді. Жас боксшы жігіт мансап қуу мақсатында біржола қалаға кетіп барады.

Қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленген «Қыстың соңы» (реж. Әмір Әменов) фильмі күйзеліс үстіндегі жас кейіпкерді сипаттайды. Фильмде Гонконгтық режиссер Вонг Кар-Вай туындыларының стилистикалық әсері байқалады.

Биылғы кинофестивальде анимациялық және деректі фильм байқауы ерекше көрсеткішке ие болды. Байқауға ұсынылған фильмдердің саны аздығына қарамастан, сапалы туындылардың көп болғаны қуантты. Иван Ардашовтың «Өркеш» анимациялық фильмі «үздік анимациялық фильм» және «үздік қоюшы-суретші» номинацияларын иеленді. Нұрсұлтан Нұсқабековтің «Қасапшының бір күні» атты деректі фильмі өз санатында үздік деп атанса, Бахтияр Исламовтың «Uzbek Elegy» деректі фильмі «үздік оператор» номинациясы бойынша көзге түсті.

Фестивальдің Бас жүлдесін режиссер Тимур Сердалиннің «Қош бол, досым» фильмі иеленді. Сонымен қатар, фильм «үздік режиссер» және «үздік сценарий» (Жәнібек Мұртазин) номинациялары бойынша бағаланды. Жанрлық кино бағытында түсірілген фильмде екі достың қылмыстық іс-әрекетінен кейінгі жағдайы баяндалады.

Қорытындылай келе, Baikonyr Short Film Festival жастардың өзіндік көз қарастарын, көркемдік деңгейін саралауға мүмкіндік берді. Режиссерлердің қазіргі қоғамдағы өзекті мәселерге, әлеуметтік жағдайдың төмендігі мен көркемдік іздестерге бейімділігі байқалады.

Еске сала кетсек, Baikonyr Short Film Festival бағдарламасына келіп түскен 195 өтініштен 47 фильм таңдалып алынды.

 

Айдос АСЕМБАЙ

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

«Кинотану» мамандығының 1-курс студенті

  • 6 Қазан, 2018
  • Brod.kaz
  • 2 017
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

31 желтоқсан, 2019

Алматыда ұлттық «Құлагер-2019» киножүлдесі табысталды

«Құлагер»  ұлттық кинематографиялық жүлдесі 2007 жылдан бастап өткізіледі

Brod.kaz

Казахстанское кино

25 желтоқсан, 2019

«На грани» фильмі Грецияда өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды

Фильмнің режиссері - Алдияр Байракимов

Brod.kaz

Казахстанское кино

23 желтоқсан, 2019

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Кинотуындының қоюшы режиссері әрісценарий авторы – Бақыт Қайырбеков

Brod.kaz

Казахстанское кино

11 желтоқсан, 2019

«Еркін» фильмі қазақстандық прокатқа шығады

 Фильм 2019 жыл 12 желтоқсаннан бастап прокатқа шығады

Brod.kaz

 

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2022 Бродвей

  • Жарнама