È

Ксавье Долан «Мэтт & Макс» атты сегізінші фильмін жариялады

Ксавье Долан «Мэтт & Макс» атты сегізінші фильмін жариялады

Қазіргі уақытта актер және режиссер Ксавье Долан («Бұл жәй ғана ақырзаман», «Анашым») өзінің ағылшын тіліндегі «Джон Ф. Донованның өмірі мен өлімі» алғашқы драмасының жұмысын аяқтауда. Таспаның тек жұлдыздардан ғана құралған актерлік құрамы таңқалдырады - Джессика Честейн, Кит Харингтон, Сьюзен Сарандон, Кэти Бэйтс және Натали Портман. Бірақ Ксавье Долан өзінің келесі жұмысы «Мэтт & Макс» фильмін әлдеқайда аз көлемде түсіруді жоспарлап отыр.

Доланның жаңа сегізінші режиссерлік жұмысы осы жылдың күзінде Канададағы Квебекте өтеді. Режиссердің хабарлауынша, «Мэтт & Макс» эстетикалық жағынан «Фермадағы Тома», ал көңіл-күй жағынан «Анашым» фильміне сәйкес келеді. Негізгі тілі тағы да француз тілі болмақ. Картина өткен ғасырдың 20 жылдарындағы екі дос жайлы, Макстің рөлін Долан өзі сомдайды. Доланның осыған дейін «Анашым» және «Мен өз анамды өлтірдім» фильміне түскен тамаша канадалық актриса Энн Дорваль түсірілімге қатысады деп жоспарлануда.

Долан «Өз атыммен аташы» және «Құдайдың жері» фильмдері жайлы: «Мен осы жылы фильмдерден біртүрлі махаббат жайлы баяндалғанына қарамастан, олардың сценарийлерінен батылдық пен шынайылықты көрдім»,-дейді.

«Мен түрлі мінездерді зерттеп көру керектігін сезіндім, бірақ кейіпкерлер міндетті түрде гей болуы шарт емес.

Мен «Жоғалған баланың» сценарийін оқып, Николь Кидман және Расселом Кроумен бірге фильмге түскен кезде, маған қатты әсер етіп, жүрегіме таңба салды. Сол кезде денеме түрлі суреттер салдырған едім. Оларды салдыру барысында денем қатты ауырды. Бірақ, сол ауру гейлер жайлы сценарий жазуыма себеп болды»,-деп өз ойын аяқтады режиссер.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер