Осы жыл бойы «Игры престолов» фильмі аяқталған соң сериалдың спин-оффы жалғасады екен деген сыбыстар шыққан болатын. Жақынлда осы сыбыстың рас екені анықталды. Бұл туралы журналистерге HBO арнасының бас директоры Ричард Плеплер сұқбаты барысында айтты.
Әзірге басқа ақпараттар белгісіз. Алдымен арна және Game of Thrones шоураннерлері негізгі фильмнің қорытынды эпизодтарын түсіруг күш салуда. «Игра престолов» фильміне қатысты басқа жобалар әзірге толық пісіп жетілген жоқ. «Игры престолов» сериалының 7 маусымы 2017 жылдың жазында көрсетіледі, ал сериалдың аяқталуы 2018 жылға белгіленген.