Танымал батыс деректерінде 1993 жылғы Джорджа Мартиннің хатын жариялады, онда автор Вестерос отбасының әлемді өзгертуге қауқарлы бес ұрпағы туралы баяндайды. Олар Тирион Ланнистер, Дейенерис Таргариен, Арья және Бран Старки және Джон Сноу. Барлық роман барысынла кейіпкерлер ересейіп, күш-қуаттары арта түседі. Сонымен романның негізгі мазмұны түсінікті. Алайда сериалдың авторлары түпнұсқадан аздап ауытқауы мүмкін, сондықтан сериалда басқа кейіпкерлер тірі қалып, керісінше түпнұсқада тірі қалғандар өлуі де ғажап емес. Қалай болғанда да көрермендер сериалдың қорытындысын жетінші маусымның соңында біле алады.