Сериалға арнайы шақырылған режиссерлердің бірі Джек Бендер журналистерге жетінші маусымда әдеттегідей он эпизодтың орнына жеті эпизодқа дейін қысқартылатынын айтты. Мұндай шешімге неліктен келгенін Бендер нақты атай алмады, осы жылы телесериал авторлары жаңа маусымды штаттағы режиссерлердің күшімен түсіруді шешіпті. Дегенмен Джек Бендер алтыншы маусымда жүргізілген жұмысқа көңілі толатынын айтады. Егер оны келесі маусымға шақырса, келісетінін жеткізді.
Бұрын хабарланғанындай, алтыншы маусымды он миллион жеті жүз мың адам тамашалаған. «Игра престолов» - сериалдардың ішіндегі ең ірі жоба және фэнтези жанрындағы ең бюджеті жоғары фильм.