«Бахубали 2: Соңы» үнді фильмі әлемдік айналымда 81 миллион доллар табыс тапты
С. С. Раджамули фильмінің тұсаукесері 28-ақпанда әлем бойынша 9000 экран арқылы көрсетілді, оның 6500-ы үнді елінде болды. «Бахубали 2: Соңы» фильмі кассалық жинақ бойынша «Галактика Сақшылары 2» мен «Форсаж 8» картиналарынан кейін үшінші орынға ие болды.
Фильмнің Үндістандағы жинағы 60,8 миллион долларды құрады.
АҚШ-та картина 425 экран арқылы 10,1 миллион долларға ие болды, оның 45-і IMAX арқылы көрсетілген.
Бұл 2014 жылдан бергі ең табысты үнді фильмі болды.
«Бахубали 2: Соңы» 2015 жылы шыққан «Бахубали: Басы» фильмінің жалғасы, ол кезінде өз бюджеті 31 миллион доллар бола тұра, әлем бойынша 100 миллион доллар табыс тапқан.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін