Харви Вайнштейн оқиғасы Брайан Де Пальманың жаңа фильміне негіз болуы мүмкін
Харви Вайнштейн оқиғасы режиссер Брайан Де Пальманың («Орындалмайтын тапсырма», «Карлито жолы») жаңа фильміне негіз болуы мүмкін. Ол атышулы Голливуд зинақоры жайлы хоррор түсіруді жоспарлап отыр. Де Пальма 1976 жылғы «Кэрри» түсірілімінен кейін, қорқынышты фильмдердің символына айналды, ал қазір 40 жылдан соң қайтадан өз жанрына оралмақ ниетте.
77 жасар Де Пальма жақында француздық Le Parisien-ға берген сұхбатында былай деген болатын: «Осы дау туралы фильм дайындап жатырмын, аталмыш жоба жайлы Франция продюсерлерімен келіссөз жүргізудемін. Әрине, басты кейіпкердің есімі Харви Вайнштейн емес, бұл қорқынышты фильм болады, басты кейіпкер – жыныстық қатынасқа итермелейтін басқыншы. Бұл киноөндірістегі ерекше оқиға болмақ».
Брайан Де Пальма Вайнштейн оқиғасына қатысты жұмыс жайлы хабарлаған Голливудтағы жалғыз адам емес. Танымал сценарист Дэвид Мэмет («Шек», «Ганнибал») масқара болған киномагнат жайлы алдыңғы жолдары пьеса жазғанын айтқан еді. Ол Chicago Tribune-ға жұмысының «Ащы бидай» деп аталатынын және әзірге қойылымға қатысты нақты жоспарының жоқтығын айтқан. Джон Малкович Вайнштейн рөлін сахнада ойнау үшін Мэметпен келіссөз жүргізді деген сыбыс бар.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін