«Пикник на обочине» - 1972 жылы шыққан ағайынды Стругацкийлердің ең атақты романы. Романды ең алғаш 1979 жылы Андрей Тарковский экранға шығарып, «Сталкер» деп атады. Фильмге сценарийді ағайынды Стругацкийлердің өзі бірнеше нұсқада жазды, кейбір нұсқалары қосымша жарияланды. Енді америкалықтар істі қолға алды. Олар «Пикник на обочине» телевизиялық сериал жасамақ, басты рөл британдық актер Мэттью Гудуға («Хорошая жена», «Аббатство Даунтон») бұйырды. Сценарийін Джек Паглен («Превосходство») жазды, режиссеры Алан Тейлор («Клан Сопрано», «Игра престолов»), ал продюсері Нил Мориц («Форсаж»). Тұсаукесерінің уақыты әзірге белгісіз. Сюжет кітаптағыдай өзге ғаламшарлықтардың араласуынан кейінгі адамдардың өмірі жайлы. Жер бетінде көптеген түсініксіз орындар, аномальдық құбылыстар қалды. Оқиғаны сталкерлердің брі- Рэдрик Шухарт баяндайды.