È

Иванна Чаббак: «Мен қатігез фильмдерді ұнатпаймын, осындай фильмдер адамдарға не үшін ұнайтынын түсінбеймін?»

Иванна Чаббак: «Мен қатігез фильмдерді ұнатпаймын, осындай фильмдер адамдарға не үшін ұнайтынын түсінбеймін?»

Иваннаның шәкірттерінің арасында Джим Керри, Бред Питт, Шарлиз Терон, Джерард Батлер, Ева Мендес, Хелли Берри, Йен Соммерхольдер секілді басқа да көптеген милиондаған табынушылары бар атақты актерлер, «Эмми» мен «Оскар» иегерлері жетерлік.

Қазақстанда Иванна бірнеше сабақтар өткізіп, еңбек жолын енді бастап келе жатқан актерлердің арманындағы құпияларымен бөлісті. Сәттілікке 12 қадам, ұлы Станиславскиийдің психологиясы, және Чаббактың басты ережелері туралы Brod.kz сайтына берген сұқбатынан оқи аласыздар.

– Мен шеберлік-кластарымды түрлі аудиторияларда өткіземін, олардың әрқайсысында мен айтқан ақпаратты әркім өзінше қабылдайды. Адамдармен жұмыс істеген кезде ең маңыздысы жүзбе-жүз сөйлесіп, бірнеше секунд болса да әркімнің жанарына тура қарау. Әрине, тәжірибе бірте-бірте толысады.

– Фильмді көру әркімнің өзінше психологиялық талдау жасауы іспеттес. Онда неге триллерлер мен атыс-шабыс фильмдер соншалықты танымал?

– Неге? Өз басым триллерлерді ұнатпаймын да, көрмеймін де. Бірақ статистикаға сүйенсек, көпшілігіне осы жанр ұнайды. Менің көп жылдық тәжірибеме қарамастан мен осы жанрдағы фильмдерге неге қызығушылық басым екенін түсіне алмадым. Мүмкін бұл инстингке байланыст болар.

– Сіздің «The Power Of The Actor» атты кітабыңыз бестселлер болды. Көпшілік оны өзінің кәсіби Інжілі секілді көреді. Тараулардың бірінде ер адам мен әйел адамның сезімдері туралы айтылады, ал андрогиндық тұрғыдан сезімді қалай көрсетуге болады?

– Мен еркектің немесе әйелдің сезімі деп бөлмеймін. Мүмкін бұл аудармада кеткен ағаттық шығар. Мен үшін сезімдердің арасында нақты шекара жоқ, өйткені әркімде гармондар секілді ердің де, әйелдің де қасиеті болуы мүмкін ғой.

– Сіз қалай ойлайсыз, неліктен әлі күнге дейін Станиславский соншалықты танымал?

– Ол танымал емес, ол данышпан, ол екінші рет қайтанланбас негізді қалады. Мәселе танымалдықта емес. Ол осыдан бір ғасыр бұрын қандай болды, солай болып қалды, өзгерген жоқ. Уақыт бір орында тұрмайды, бірақ берік қаланған іргетас тұрақты болып қалады.

– Сұқбаттарыңыздың бірінде актерлық ойындағы адам болмысының маңыздылығы туралы айтқан едіңіз. Адам болмысының маңызы неде?

– Меніңше, бұл психологияның негіздері. Бұл сұрақ психологияның адам өміріндегі маңызы туралы болғандықтан жауап беру өте қиын. Психологиялық тұрғыдан алғанда өзіңнің дәл қазір қайда екеніңді түсіну маңызды.

– Өмір – ойын? Актерлік біліктілігіңіз өміріңізге пайдасын тигізді ме?

– Актерлердің өмірінде қызықты сәттер өте көп болады, сол кезде айналадығлардың эмоциясын байқайтын сәтті жіберіп алмаған жөн, оларды тыңдап, іс-қимылдарына назар аудару керек. Менің актерлік біліктілігім адамдарды тыңдауға үйретті. Ал бұл дегенміз кез келген мамандықта аса маңызды қасиет.

– Қандай фильмді көруге немесе актерлық ойынға еліктеуге кеңес берер едіңіз?

– Актерлерге ешқашан ешкімге еліктемеуге кеңес берер едім. Тек жақсы актерлық ойыннан сабақ алу керек. Әркімнің өз ерекшелігі болғаны дұрыс. Біреудің көшірмесін жасап, өзгенің ойынын қайталаудың қажеті жоқ.

 

Сұқбаттасқан Инкар Искакова

Фото: Темирлан Кенжебаев

Аударған Айнұр Сенбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Интервью

26 Тамыз, 2019

Алдияр Байрақымов: «Бізге керегі – нарықты дүр сілкіндіретін қызықты, сапалы сценарий»

I Baiqonyr SFF «Үздік сценарий» номинациясы жеңімпазы Алдияр Байрақымовпен сұхбат

Brod.kaz

Интервью

24 Тамыз, 2019

Шарипа Оразбаева: «Қазақ киносының өткені ол классика. Ал бүгіні ізденіс»

І Baiqonyr SFF бас жүлдесінің иегері Шарипа Оразбаевамен сұхбат

Brod.kaz

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер