Белгілі продюсер Джеффри Катценберг «Оскарға» қатысты жағдайға пікір білдірді

Белгілі продюсер Джеффри Катценберг («Спирит: Прерий жаны», «Шрек») «Оскарға» қатысты жағдайға және «Үздік танымал фильм» номинациясына пікір білдірді. DreamWorks Animation SKG студиясының басшысы Киноөнері академиясынан және жақында болған қызу дау-дамайдан алыс жүруге тырысады.
«Мен оларға тек жақсылық тілеймін. Мен Академияны жақсы көремін. Олардың бар жұмысының орындалғанын қалаймын», - деді мультипликация магнаттарының бірі. Әрі қарай күлімдеп, мынаны қоса кетті: «Мен попкорн мен газдалған сусыныммен 15-ші қатарда отырамын. Бұл менің беделіме толық сай келеді».
Жаңа номинацияны енгізген соң, көптеген қарсы пікірлер айтылып, жауапсыз қалған сұрақтар туындады. Актер әрі продюсер Роб Лоу («Суперполицейлер 2», «Құбыжық-трактар») Twitter'гe былай жазды: «Расында, бұл «Үздік танымал фильм» - Академияда пайда болған нашар идея, олардың енді Ақшақармен бірге ән айтуымды сұрауы ғана қалды».
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін