È

Қазақстандық актерлар жейдесіз қалай көрінеді екен?

Қазақстандық актерлар жейдесіз қалай көрінеді екен?

Біз оларды күн сайын телеэкраннан, үлкен кинодан, ғаламтор мен журналдардың мұқабасынан көреміз. Олар нәзік жанды арулардың қызығушылығын арттырып, өздеріне назар аудартады. Олар қандай қыздарды таңдайды, мінездері қандай және бастысы – жейдесіз қалай көрінеді? «Бродвей» кинопорталы ең қызыққұмар адамдарға арнап, мінсіз тұлғалы қазақстандық актерлардың суретін дайындады.


Артур Төлепов

Төлеповтер әулетінің ең үлкені. Артур ән айтып, киноларға түседі. Актер отандастарымызға көбінесе Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмі арқылы таныс. Биыл актер бойдақтық өмірмен қош айтысты. Артурдың жүрегін Қарағандының қызы жаулап алды.

 

Олжас Нұрбай

27 жасар актер көрермендерге «Ауылдастар» комедиялық хикаясы арқылы жақсы таныс. Камераға түсуден бөлек, Олжас жеке кино да түсіреді. Режиссердің қоржынында бірнеше қысқаметражды картиналар бар. Оның толық метрдегі дебютінің де ауылы алыс емес сияқты.

 

Олжас Әлжанов

Актер жұмысын сән әлемінен бастады. Ол өзінің алғашқы рөлін Ақан Сатаевтың «Жоюшы» картинасында сомдады. Осы фильмнен кейін көзге түсе бастады да, Олжас бірнеше хикаяларға түсті. Алайда, актер көптеген жетістіктерге жетуді армандайды. Оның жұлдызды сағатының алда екеніне сенеміз. Айтпақшы, Олжас әлі бойдақ!

 

Тәуекел Мүсілім

Қазақстанның ең сымбатты жігіттерінің көшін бастап тұрған актер «Махаббаттым жүрегімде» хикаясындағы басты рөлінен кейін танымал бола бастады. Бүгінде сағызша созылған драмалардан бөлек, Тәуекелдің фильмографиясында үш толықметражды картина бар. Айта кету керек, жақында ең тартымды күйеу жігіттің бірі бойдақтық өмірмен қош айтысады. Сұхбаттарының бірінде актер өз махаббатын жолықтырғанын айтқан болатын.

 

Шыңғыс Қапин

32 жасар актер үнемі ізденіс үстінде жүреді. Кинодағы түсірілімдерден бөлек, Шыңғыс театр сахналарында да өнер көрсетеді. Ол актерлер әлеміне кездейсоқ келген: бала кезінде Шыңғыс қабаттарды шатастырып алады. Ағылшын тілі сабағының орнына, хореографияға тап болған. Оның дарынын байқаған ұстаз Шыңғысты хореографиялық училищеге тапсыруға көндіреді.

 

Газрет Ержанов

Ерекше сымбаты бар Газрет киноға жақында ғана аяқ басты. Ол «Жарық» хикаясы арқылы дебют жасады. Кейін оны кастинг-директорлар байқап қалады да, «Таиландтағы демалыс» толықметражды фильмінде алғашқы рөліне ие болады. Биылғы жылы Газреттің қатысуымен «Кинодан да артық» атты екінші картина жарыққа шыққан болатын.

 

Мұрат Бисенбин

45 жасар актер көптеген жастарды басып озады, өйткені ол спортқа өте жақын. Оның мінсіз денесі мен тамаша бицепсі таңдай қақтырады. Актердің кинодағы жолы 2000-жылдардың соңындағы «Рэкетир» фильмінен басталған. Бүгінде Мұрат 20-ға жуық рөлдерді сомдап тастады. Алайда, актер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол түрлі жаңа образдарды сомдап, әлі де көптеген картиналарға түсіп жүр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер