È

Еліміздің киноқайраткерлері қандай торт жейді екен?

Еліміздің киноқайраткерлері қандай торт жейді екен?

Бүгін бүкіл әлем бойынша тәттіні сүйсініп жейтіндер Халықаралық торт күнін атап өтеді. Дәмді дәстүрдің негізін «Милан клубы» аспаздар мен музыканттар одағы қалаған. Одақ мүшелері 2009 жылы «Тәтті арман» атты алғашқы музыкалық тортты ұсынған еді. Торт күнінің ұраны - «I cake you», мағынасы «Мен саған тортпен келемін». Жаздың тәтті күні тек тортқа ғана емес, ел арасындағы достық пен бейбітшілікке арналған.

Отандық киноқайраткерлердің қандай тәттіні жақсы көретінін, торттың қандай түрлерін ұнататынын күннің ең дәмді топтамасынан біле аласыздар.

Актер Төлепберген Байсақалов Халықаралық торт күні туралы естігенін, бірақ ешқашан атап өтпегенін жеткізді.

 

«Ешқашан атап өтпеген екенмін. Әрине, мен тортты жақсы көремін. Әсіресе, жұмсақ кремді бисквиттен тұратын «Вупи пайды» сүйсініп жеймін. Сонымен қатар, «Қызыл барқыт» (Ақ кремді шелпекті қызыл наннан тұратын торт – ред.) тортын ұнатамын.

 

Ал актриса әрі продюсер Іңкәр Әбдіраш тіскебасарлардың классикалық үлгілерін жақсы көреді екен.

«Жалпы, тәттіні ұнатамын. «Наполеон» мен сүзбе торттарын жақсы көремін. Бірақ, өзім торт дайындамайды екенмін».

 

Кинооператор Азамат Дулатов та тәтті жеуден бас тартпайды екен.

«Тәттіні де ұнатамын, әсіресе торттарды жақсы көремін. Сүйікті түрлерінің бірі – «Қара ханзада» (Кефирмен дайындалады-ред.). Негізі, шәйға арналған тәттіні «Нәзік» кондитерлігінен сатып аламыз.

 

Ал актриса Динара Бақтыбаеваға тәттіден бас тартуға тура келеді.

«Мен тәттіні жақсы көремін. Алайда, емдәмге байланысты өзіме шектеу қоюға тура келеді. Өмірімде алғаш сүйсініп жеген тәттім «бал торты» болатын. Ал қазір «Қызыл барқытты» ұнатамын. Өкінішке қарай, өзім торт пісірмеймін. Келген қонақтарға үй кекстері мен шарлотканы ұсына аламын».

Тәттіге деген үлкен махаббатын актер Шәріп Серік білдірді.

 

«Мен тәттіні сұмдық жақсы көремін! Балды, йогуртты, шоколадты, жемісті – жалпы, барлық торттарды ұнатамын. Дегенмен, бәрін орнымен пайдалануға тырысамын. Өйткені, физикалық қалыпты да сақтап тұру қажет қой».

Бүкіләлемдік торт күнін атап өтіп, жақындарыңыз бен туыстарыңызды тәтті дәммен қуантуды ұмытпаңыздар. Өйткені, жанға жайлы әңгіме қозғап, тәттімен ішілген шәйға ештеңе жетпейді емес пе?!

 

Суреттер Google іздеу жүйесінен алынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 шілде 2017, 12:47

Классно. Я тоже обожаю торты. И к тому же. Все виды.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса