È

«Камуфляж және тыңшылық»: Уилл Смит кейіпкері кептерге айналады

«Камуфляж және тыңшылық»: Уилл Смит кейіпкері кептерге айналады

Blue Sky Studios режиссерлар Ник Бруно мен Трой Квонның отбасылық көрсетілімге арналған «Камуфляж және тыңшылық» анимациялық тыңшылық шытырманының алғашқы трейлерін ұсынды. Blue Sky Studios аниматорлары қазір ең белгілі мультипликациялық брендтердің бірі болып табылатын «Мұз дәуірі» франшизасының арқасында Disney мен Pixar-дің сенімді бәсекелестеріне айналды.

«Камуфляж және тыңшылықтың» түпнұсқа дыбыстауына Том Холланд («Кек алушылар: Мәңгілік соғыс», «Өрмекші адам: Қайта оралу») және Уилл Смит («Жарқындық», «Елесті сұлулық») сынды жұлдыздар шақырылды. Таспа сюжетінде әлемдегі ең таңқаларлық тыңшы Лэнс Стерлинг (Уилл Смит) суреттеледі, ол айналасындағы адамдарға қорқыныш пен құрметтеуді ұялата алады. Әлемді құтқару – бір көргеннен баурап алатын және дөкей Стерлингтің негізгі жұмысы. Ешкім бұл жұмысты ол секілді керемет атқара алмайды.

Лэнске қарама-қарсы кейіпкер – бұл Уолтер, өте ақылды жігіт, ол замануи қоғамға әрең сіңіседі. Қарапайым қабілеттерінің жетіспеушілігін Уолтер жеке өнері арқылы өтейді, оны Лэнс өз тапсырмасын орындау барысында пайдаланады. Бірақ, жағдай өзгеше күйге түскенде, Уолтер мен Лэнс аяқ астынан жаңа әдіс арқылы бір-біріне жүгінуге тиіс болады. Егер олар бірігіп жұмыс істемесе, бүкіл әлемге қауіп төнеді.

«Камуфляж және тыңшылық» анимациялық фильмі 2019 жылдың 15 тамызынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса