È

«Жарқындық»: Netflix жалғасы туралы ресми түрде мәлімдеді

«Жарқындық»: Netflix жалғасы туралы ресми түрде мәлімдеді

Өткен жылдың 22 желтоқсанында бейнежазбалар алыбы Netflix «Жарқындық» атты кезекті жобасын жарыққа шығарды. Фильм екі полицей туралы баяндайды, фэнтези, қылмыстық атыс-шабыс және бадди-муви жанрларында түсірілген. Кеше жалғасын түсіруге рұқсат берілді, оған режиссер ретінде қайтадан Дэвид Эйр атсалысады, ал басты рөлдерде - Джоэл Эдгертон және Уилл Смит. Эрик Ньюман мен Брайан Унклесс сиквелдің продюсерлері болып қала береді.

«Жарқындықтағы» хикая ойдан шығарылған Лос-Анджелесте өтеді, ол жақта перілер, эльфтер мен ғажайып таяқшалар бар. Netflix көрермендерге нәсіл аралық қарым-қатынасты көрсетеді. Тәжірибелі полицей (Уилл Смит) серіктесін (Джоэл Эдгертон) ертіп алады. Ол ерекше қасиеті бар көне жәдігерді тауып алып, зұлымдардың қолынан құтқаруға тиісті.

Рекордты 3 миллион доллар тапқан Макс Лэндис сценарист ретінде жұмысына оралмайтын болды. Сондықтан, Эйр жалғасының авторы болады. Оның қоржынында басты рөлді Брэд Питт сомдаған Екінші дүниежүзілік соғыс уақытын баяндайтын «Қайсарлық» картинасы және Джейк Джилленхол ойнаған «Патруль» полицейлік драмасы бар.

«Жарқындықтың» бюджеті 90 миллион доллар болған, осылайша Netflix-тің блокбастерлер өндірісіндегі алғашқысы атанды. Эйрдың алдыңғы «Өзін-өзі өлтірушілер тобы» фильмі сияқты, бұл таспа да сыншылардың тізгініне іліккен. Бірақ, көрермендер «Жарқындықтың» идеясын жақсы қабылдады. Ал фильмнің өзі 190-нан астам елдерде Netflix-те № 1 болды, тұсаукесерден кейін үш күннен соң картинаны АҚШ-тың 11 миллион көрермені тамашалады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер