«Капитан Марвел»: Бри Ларсон түсірілімнің аяқталғанын білдіретін сурет жариялады
Бри Ларсон («Әйнек сарай», «Атыс») «Капитан Марвел» комиксі түсірілімінің аяқталғанын білдіретін сурет жариялады. Сюжетінде басты кейіпкер әйел болып табылатын Marvel-дің бірінші фильміндегі актриса Twitter'гe түсірілім күнтізбесінде жатқан картинаның түсіріліміндегі «шартылдақтың» суретін жариялады. Сурет бейнеленген күнтізбеде 6 шілденің соңғы түсірілім күні болғанын көрсетеді.
Әрине, бұл сурет Marvel кинематография әлемінің ешқандай жаңа құпияларын немесе жаңалықтарын ашпайды. Дегенмен, «шартылдақ» рөл сомдаушылардың және түсірілім тобы мүшелерінің қолтаңбаларымен толықтырылған. Сондықтан, суреттен фильмге қатысты қандай да бір ақпаратты байқауға болады. Өйткені, «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» титрларынан кейін Капитан Марвелден басқа әзірге ештеңе жарияланған жоқ.
«Капитан Марвел» комиксі 2019 жылдың 7 наурызында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін