È

Карловы Вары-2018: жасөсіпірімдер жайлы «Қысқы шыбын-шіркейлер» әсерлі драмасы

Карловы Вары-2018: жасөсіпірімдер жайлы «Қысқы шыбын-шіркейлер» әсерлі драмасы

Карловы Вары фестиваліндегі негізгі байқау бағдарламасында Прагалық режиссер Олмо Омерзудың («Отбасылық фильм», «Түн тым жас») «Қысқы шыбын-шіркейлер» жасөспірімдер жайлы әсерлі драмасының тұсауы кесілді. Бұл жұмыс жолдағы шытырман оқиғалар мен басты кейіпкерлердің есеюін біріктіреді және заманауи еуропалық артхаус дәстүрлері әсер еткен 80-жылдардағы балалар фильміне оралады.

Екі дос – 14 жасар Марек (Томас Мрвик) және 12 жасар Гедуш (Ян Франтишек Угер) – ескі ұрланған Audi-мен елді кезіп, саяхатқа аттанады. Екеуінің 2 жас айырмашылығы кәдімгідей сезіледі. Маректің өмірге деген өзіндік көзқарасы мен таз басты сотқар бала ретіндегі қарым-қатынасы қалыптасқан, ол ылғи өзінің фантастикалық сексуалды қитұрқылығымен мақтанып жүреді. Гедуш, керісінше, камуфляжды шалбар киген, шетелдік әскерге қосылуды армандайтын бала сияқты.

Олмо Омерзу «Қысқы шыбын-шіркейлерге» таңдалған екі бағытты теңдей ұстап тұруы тиіс. Бір жағынан, ол шытырман оқиғалары кезінде екі баланың есеюін көрсететін қатал әрі мықты драманы ұсынса, екіншіден, өзі бала болған кезді сағынышпен еске алып, кейіпкерлерімен жасты болғанда олардан ешқандай айырмашылығы болмағанын көрсетеді. Нәтижесінде, бұл таспада жасөспірімдер арасындағы достық қарым-қатынастың белгілі бір сиқыры және басты кейіпкерлер тап болатын шынайылықтың қатал тұзағы біріктірілген. Тамаша ашық соңы жағымды энергетиканың көмегімен көрермендерді жігерлендіре түседі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер