Карловы Вары-2018: «Ағайындылар» түрік фильміндегі отбасылық мелодрама
Карловы Варыдағы фестивальдің негізгі байқау бағдарламасында түрік режиссері Омюр Атайдың «Ағайындылар» отбасылық мелодрамасы көрсетілді. Таспа сюжеті екі ағайындының арасындағы бұзылған қарым-қатынастың және өткеннің құпиясын баяндайды. 17 жасар Юсуф (Иигит Эге Язар) төрт жыл түрмеде отырып, үйіне оралады да, ағасы Рамазанның (Джанер Шахин) қарауында болады. Юсуфтың бас бостандығынан не себепті айырылғаны күннен күнге анықтала түседі, одан басқа көрерменге отбасылық құпияның шынайы көрінісі түсінікті болады.
«Ағайындылардағы» Юсуф таңдау жасауы тиіс, ол отбасы немесе мораль екеуінің қайсысы маңызды екенін шешуі қажет. Омюр Атайдың шеберлігінің арқасында фильмінде үнемі жеткілікті түрде ақпарат беріліп отырады, бұл көрермендерге жаңа деректерді ұсынады. Таспада белгілі бір шиеленіс бар, себебі ылғи кейіпкерлердің жігері мен сюжет желісін араластырып отырады. Отбасылық құпиялардың сақтаушысы Ясмин пайда болған кезде, әңгіменің шеберлігі көрініс табады.
Атай мақтауға тұралық фильм түсірді, өйткені картинада екі ағайындының тамаша қарым-қатынасы мен махаббат, бір-біріне деген қамқорлық бар. Ағасымен бірге жүк көліктерінің тұрағында тар бөлмеде тұратын Юсуфты клаустрофобия мазалайды, отбасылық құпияның салдарынан Юсуф пен отбасын бүкіл әлем тұншықтырғандай болады. Басты кейіпкер тура және ауыспалы мағынада анасынан жырақта жүр, бірақ ол анасының кешірімін асыға күтеді. Жас емес режиссердің бұл жұмысы көптеген дүниелерді баяндауға әзір, бірақ көрермен тарапынан көрсетілім кезінде рухани қолдауды талап етеді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін