Карловы Вары-2018: Сони Просенцтің «Махаббат хикаясы» атты жұмысы негізгі байқауда көрсетілді
Көрермендер Карловы Варыда «Батыстан Шығысқа қарай» бағдарламасы аясында «Терек» атты дебютті жұмысын көрген Словениялық режиссер Соня Просенц көптен күткен тұсаукесері – «Махаббат хикаясы» арқылы фестивальдің басты байқауына қайта оралды. Просенц көрермендер мен сыншыларға қатты әсер еткен әсерлі сезімдерді паш етіп келеді. Бұл жолғы таспа басты кейіпкердің ішкі әлеміне және отбасылық жақын қарым-қатынасқа негізделген.
17 жасар Ива (Доротея Надра, «Сынып дұшпаны») автокөлік апатынан қайтыс болған анасы, опера әншісінің өлімімен қайғырып жүреді. Әкесі өз сезімдерін әрең басқарып жүр. Отбасы Люблянаның сыртында үлкен үйде тұрады. Өлімнен соң бірнеше уақыттан кейін хат тасушы Иваның марқұм анасының пакетін алып келеді. Жанұясы оның оркестрдегі шетелдік дирижермен (Кристоффер Йонер, «Толқын», «Аман қалған») байланысы болғанын біледі. Енді Иваның мақсаты пайда болады, ол өз ауруына тұншығып, дирижерді аңди бастайды.
Ива жоғары жақтан суға секірумен айналысады, сондықтан «Махаббат хикаясындағы» камера жиі су астына сүңгиді және сол арқылы диалогы аз фильмнің негізгі лейтмотивін құрайды. Экранды оқиғаның құрылымы желілік емес, Соня Просенц визуалды диалог арқылы көптеген ишаратты білдіреді, ол көрерменмен жоғалту, қайғы, отбасылық жатсыну, кінә мен махаббат тақырыбына әңгімелеседі, осының барлығын кейіпкерлер арасындағы эмоционалды байланыстың көмегімен түсіндіреді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін