Карловы Вары-2018: негізгі байқауда «Мириамның өтірігі» мәдени драмасы көрсетілді
Карловы Вары фестивалінің негізгі бағдарламасында «Мириамның өтірігі» мәдени драмасы көрсетілді. Таспаны Доминикан Республикасынан шыққан Наталии Кабрал және Испаниялық Ориол Эстрададан құралған режиссерлік дуэт түсірген. Атлантиканың екі жағында дүниеге келген жас әйелдер жобаларында қатал қоғамдық сынмен бой көрсетті. Олар Кубадағы американдық режиссер Элизабет Шуб түсірген «Кубе – 15» қысқаметражды фильмінен шабыт алды. Бұл таспада Шуб қыздардың Кубада 15 жылдың туған күнін тойлауы мен соған қатысты пікірлерін көрсетті.
«Мириамның өтірігі» картинасында Кабрал мен Эстрада осыған ұқсас әлеуметтік және отбасылық оқиғаны сипаттайды, бұл жолы біз Доминикан Республикасына сапар шегеміз. Фильм сюжеті бойынша қоғамның ауқатты әлеуетінен шыққан ана күні бойы мерекеге ерекше қуанышпен дайындалады. Оның қызы мулат Мириам балалық шақпен қоштасып, бойжеткен атанды, ол ересек қыздардай көрінгісі келеді де, бойына жалғандықтың жалауын сіңіріп алады. Мириам ғаламтор арқылы бір жігітпен танысып, оны туған күніне шақырады.
Мерекеде барлығы бақытты, жас жігіт тәрбиелі екен, бірақ қыз жігіттің қара нәсілді екенін көрген соң, онымен сөйлеспей, бірден қашып кетеді. Осылайша, терінің түсі жас кейіпкер қызды арбап алған өтіріктің бір түрі болып шығады. Режиссерлік дуэт бір уақытта нақты бір мәдениеттің портретін бейнелейді, жастық шақтың хроникасын жүргізеді және санатты қоғамды қатал сынайды. Деректі жанрда түсірілген «Мириамның өтірігі» өзінің шынайылығымен және кәсіби мен әуесқой актерлардың ойынымен таң қалдырады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін