È

Қазақстандық актриса Дина Тасболатова «НТВ» үшін «А.Л.Ж.И.Р.» хикаясына түсіп жатыр

Қазақстандық актриса Дина Тасболатова «НТВ» үшін «А.Л.Ж.И.Р.» хикаясына түсіп жатыр

Актриса Дина Тасболатова ресейлік «А.Л.Ж.И.Р.» хикаясының түсіріліміне қатысып жатыр. Сюжеті өткен жүзжылдықтың 30-жылдарындағы «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерін» көрсетеді. Жоба «НТВ» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілуде.

Дина басты рөлдердің бірін сомдайды. Ол қауіпті жағдаймен тұтқындардың арасына тап болатын Дәмештің рөлін ойнайды. Өзінің неліктен тұтқындалғанын түсінбей дал болған бойжеткен құқығы мен бостандығы үшін күресіп, лагерь өмірінің бар қиындығын басынан өткереді.

«Мен өз рөлімнің жауапкершілігін сезіндім. Өйткені, картинада бұрынғы заманда болған шынайы тарихи оқиға көрсетіледі. Мен сол уақытта ата-бабаларымыз көрген сұмдықты, қайғылы оқиғаларды шынайы жеткізгім келді»,-деді Дина Тасболатова.

Көпсериялы драманың түсірілімі биыл сәуір айында басталған және шілде айының соңына дейін жалғасады. «А.Л.Ж.И.Р.» Крым түбегінде, Феодосия қаласында және лагерь декорациялары орнатылған аймақтарда түсіріліп жатыр.

«Қуанышқа орай, менің жобаға қатысуым жеңіл әрі тез болды. Маған сценарий жіберілді де, өзімнің сынамалы бейнежазбамды жіберуімді сұраған. Сценарийді бірден оқып шықтым да, ғашық болып қалдым. Осы рөлді сомдағым келді. Сонымен, келесі күні рөлге бекітілгенімді айтқан кезде, қуаныштан төбен көкке бір елі жетпей қалды, тіпті, бірден сене қоймадым»,-деді актриса.

Картинаның қоюшы-режиссері «Көктемге үш күн қалды» және «Тыныштықты тыңдай отырып» фильмдері арқылы танымал Александр Касаткин болды.

Түсірілім жұмыстары жөнінде Тасболатова былай деді:

«Түсірілім жұмыстары маған қатты ұнайды. Жұмыс істеуге қолайлы кәсіби мамандар жиналған. Әсіресе, суретшілердің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Олардың қолынан шыққан әр дүние ғажап. Менің ойымша, декорациялар, реквизиттер, костюмдер, грим – барлығы шынайы әрі сенімді шыққан секілді».

«А.Л.Ж.И.Р.» актриса үшін – «Алтын Ордадан» кейінгі екінші ресейлік ірі жоба. Оның хикаядағы серіктестері Екатерина Гусева, Дарья Екамасова, Кирилл Полухин, Кирилл Плетнев, Наталья Аринбасарова, Алексей Шевченков және т.б. болды.

«Мен үшін Наталья Аринбасаровамен танысу үлкен құрмет. Оның фильмдерін көріп, сұлулығы мен талантына тамсанып жүрген кездерім де есімде. Серіктестер ретінде бір түсірілім алаңында жұмыс істейміз деген ой ешқашан да ойыма кіріп шықпас еді. Оның үстіне, түсірілім кезінде жақсы тіл табысып, достасып кеттік. Оның кеңес кинолары мен актерлік тәжірибесі туралы тыңдау мен үшін өте қызықты»,-дейді Дина.

«А.Л.Ж.И.Р.» хикаясының «НТВ» телеарнасынан қашан көрсетілетіні әзірге белгісіз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер