Қазақстандық тұсаукесер: «Гламур для дур» фильмі
Режиссер Асқар Ұзабаевтың «Гламур для дур» комедиясы прокатқа шықты. Фильмнің өндірісімен 567 cinema компаниясы айналысты. Карртинның продюсері Ринат Сафаров және Асқар Ұзабаев.
«Гламур для дур» фильмінің сюжетіҰлжан есімді ауылдан келген қыз туралы. Ол тағдырдың салғанына көнгісі келмей, күйеуге шыққысы келмей, үйінен қалаға қашып келеді. Ол үлкен мегаполистен өзі ешқашан көрмеген әпкесін тауып алмақ. Үлкен қалада кейіпкерді небір кездесулер, түрлі жағдайлар, күтпеген оқиғалар күтіп тұр.
басты рөлді дебютант Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ойнады. Оның түсірілім алаңындағы серіктестері Дәурен Айдарқұлов, Әсел Ақбарова, Гүлнар Сильбаева. Сондай-ақ «Гламур для дур» фильмінің түсіріліміне Фима Иванов, МС Сайлаубек, Әсел Садуақасова, Төлепберген Байсақалов қатысты.
«Гламур для дур» фильмінің саундтрегі ретінде Ninety One тобының «Қалай қарайсың» және «Айыптама» әндері таңдалды.
Фильмдегі қандай сәттер актерлердің есінде қалды, фильм қандай аудиторияға арналған, картина туралы алғашқы көрермендер қандай пікір айтуда, біздің бейнеесептен көріңіз.
Түсірілімді ұйымдастыруға көмектескені үшін «Тұран» университетінің «Кино және телевидение академиясы» факультетіне алғыс білдіреміз.



пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін