È

Қазақстандық актерлар «Күзет сақшылары» украиндық фильміне түсті

Қазақстандық актерлар «Күзет сақшылары» украиндық фильміне түсті

Айналымға қазақстандық актерлардың қатысуымен «Күзет сақшылары» атты украиндық фильмі шықты. Көрермендер картинадан Ерболат Тоғызақов пен Ержан Нұрымбетті көре алады.

«Күзет сақшылары» фильмі - Владимир Рутковскийдің аттас романының желісімен түсірілген алғашқы украиндық фэнтези. Хикаяның басты кейіпкері – мектеп оқушысы Витя, ол сиқырдың көмегімен Киев Русі кезіне тап болады. Ертегілер әлемінде қыпшақтармен шайқас болып жатады. Витя Алеша Попович, Илья Муромец және Добрыня Никитич есімді батырлармен бірге зұлымдыққа қарсы күреседі.

Ерболат Тоғызақов шаман рөлінде

Кинотаспада Ерболат Тоғызақов қыпшақтар абызының рөлін сомдады, ол өзінің сиқырлы күшін жағымсыз мақсатта пайдаланады, ал Ержан Нұрымбет қыпшақтар басшысы – Андакты ойнады.

«Қара арықта» күнәләрін жуып-шаюға тырысқан бақсыны сомдаған болсам, «Күзет сақшыларында» жаман сиқыршыны ойнаймын. Қыпшақтар абызы баланы да аямайды, оның басты міндеті – қара ниетті істерге көмектесетін сиқырлы күшті босату. Айтпақшы, «Күзет сақшыларының» бас режиссері Юрий Ковалев «Сіз ерекше күшке ие болғаныңызды сезінуіңіз керек» деп айтқан»,-деді Ерболат Тоғызақов.

«Күзет сақшылары» фильмінен көрініс. Ержан Нұрымбет

Фильм түсірілімі 2015 жылдың қарашасында басталып, Карпат тауларында, Коростышев карьерінде және Film.UA. кинокомпаниясының арнайы салынған декорацияларында өткен. Картинаны режиссер Юрий Ковалев продюсерлер Егор Олесов және Юрий Прилипкомен бірге түсірді.

«Күзет сақшылары» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Жека Дикий

11 қараша 2017, 15:49

Сам ти кАльоша. Олежко я! Цікаво, як у вашому прокаті адаптували ці слова.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер