È

Қазақстандық актерлер ресейлік «Золотая Орда» сериалына түседі

Қазақстандық актерлер ресейлік «Золотая Орда» сериалына түседі

Ресейлік «Марс Медиа» және «Амедиа» компаниялары «Золотая Орда» тарихи картинасын «Бірінші арнаға» арнап түсіруде. Жоба режиссеры Тимур Алпатов, продюсерлері – Рубен Дишдишян, Арам Мовсесян, Елена Денисевич және Нелли Ярова.

«Золотая Орда» сериалы көрерменді XIII ғасырға алып барады, Ежелгі Русь моңғол-татар отарында болған кезде Ұлы хан Берке Парсылармен соғыс үшін 40 мың сарбаз алу үшін Русь жеріне елшілерді жібереді. Алтын орданың атынан сыйлық ретінде князь Ярославқа Наргиз сұлуды қалдырады, сарайдағы шытырман оқиғаның бәрі осы қыз үшін. Осы кезде Ұлы хан Берке саудагердің 16 жастағы Айжан есімді қызын алады.

Ресейлік 16 сериялы фильмінде қазақстандық актерлер Аружан Джазильбекова, Дина Тасбулатова, Санжар Мәдиев және Дәулет Әбдіғапаров қатысады.

Санжар Мәдиев, Дина Тасбулатова, Аружан Джазильбекова

Естеріңізге сала кетейік, Санжар Мәдиев осымен қатар «Әмре» биографиялық лентасында түсіп жатыр.

Басты және қосымша рөлдерге кастинг 2015 жылы өткізілген болатын. Осы кезең барысында актерлерді бүкіл ТМД елдерінен, Қазақстаннан, Бурятиядан, Башкириядан, Ресейден, Татарстаннан және Өзбекстаннан іздеді. Ұзаққа созылған іріктеудің нәтижесінде актерлердің негізгі құрамына қазақстандық актерлер енді.

Түсірілім 1 тамызда басталды. Арнайы түсірілім үшін Мәскеу түсбінде жалпы кеңістігі 10 мың шаршы метрлік ағаш үйлер салынды. Бюджеті 400 миллион рублдік картина 2017 жылы шығады.Продюсер Рубен Дишдишянның айтуынша, сериалдың екі нұсқасы бар: телевидениеге және Ғаламторға арналған «+18» белгісімен. Соңғы нұсқасына төбелес пен эротикалық көріністер кіреді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер