È

Қазақстандық актриса есірткі сақтағаны үшін тұтқындалды

Қазақстандық актриса есірткі сақтағаны үшін тұтқындалды

Актриса әрі сәнбике Әсемгүл Ибраева Астана аэропортында есірткімен тұтқындалды. Бойжеткен сот алдына шығып, өз кінәсін мойындады. Бұл туралы Zakon.kz порталы хабарлады.

Оқиға биылғы жылдың наурыз айында, Әсемгүл Ибраева Астанадан Алматыға ұшар кезде болған. Бойжеткеннің жүксалғышын тексеру барысында әйнек шылым түтігін, жұқалтыр қақпақ және салмағы 4 грамм болатын гашишті түйіншек табылды. Тұтқындалғаннан кейін актриса толықтай өз кінәсін мойындады және есірткіні Астананың Орталық саябағынан тауып алғанын, жеке қолдану мақсатында өзіне қалдырғанын түсіндірді.

Сот Ибраеваны Қылмыстық Кодексінің «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» 296 бабы 2 бөлімі бойынша кінәлі деп тапты және 100 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасын кесті.

Әсемгүл Ибраева 2013 жылы Қытайдағы Tourism Queen Asia Халықаралық байқауында жеңіске жеткен соң, сәнбике ретінде танымал болды. Бойжеткен актриса ретінде «Киберқорғаушылар» хикаясына және «Екеуге арналған бап» комедиясына түскен.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер