Вуди Алленнің жаңа картинаны түсіруге дайындалып жатқаны БАҚ өкілдеріне белгілі болды. Режиссер жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша жылына бір фильм түсіреді.Болашақ картина режиссердің кино метрінің 47-інші фильмі болмақ, ал Кейт Уинслетпен ол алғаш рет бірге жұмыс істемек. Актриса өткен ғасырдың ең кассалы фильмі «Титаникте» басты рөлді ойнағаннан кейін аты әлемге танылды. Сарапшылардың айтуынша, Вуди Алленнің фильміне түскен актрисалардың басқалармен салыстырғанда Оскар жүлдесін алуға мүмкіндігі зор. Бұған дейін алты актриса ең даңқты жүлдеге ие болған, олардың екеуі: Кейт Бланшент және Дайан Китон. Аленнің жаңа фильмі туралы нақты ақпараттар әзірге жоқ. Картинаға әзірлікпен қатар Вуди Аллен Amazon-ға арнағалған сериалдың соңғы сериалырамен қолы тимей жүрген көрінеді, ол сериалда Аленнің өзі және Майли Сайрус ойнайды.