«Кикбоксер»
Жан-Клод Ван Дамм қатысқан атыс-шабыс фильмі 1989 жылы жарық көріп, жоғары рейтингке жеткен болатын. Оқиға сол қалпы қалды, тек суреттері мен актерлері өзгерді, бірақ Жан-Клод Ван Даммның өзі әлі де қатысады. Ол өзіннің шәкіртіне тай боксының құпияларын үйретеді. Қазір басты рөлде Ален Мусси. Сюжет сақталған: екі ағайынды жігіт турнирге қатысады, олардың үлкені төбелес кезінде қайтыс болады. Інісі ағасы үшін кек қайтармақ болып, ұстаз іздеп Тайландқа барады. Бірақ сабақ алғаннан кейін қайта оралып, ағасының кегін қайтарады. Картинаға кәсіби спортшылар Дэйв Батиста және Джина Карано қатысқан. Фильмнің қоюшысы Джон Стокуэлл. Тұсаукесері қыркүйек айына жоспарланған.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін