Ким Кэтролл - англо-канадтық актриса, ол «Секс в большом городе» сериалында сексуалды және басы бос Саманта Джонсты ойнады. Жақында жасы алпысқа келіп қалған актриса Самантаның рөлі үшін үш некесін бұзуға мәжбүр болғанын айтты. Бәріне себеп, актрисаға түсірілім алаңында жиі болуға тцра келді, ал бұл оның үшінші күйеуі Марк Левинсонға үнамаған.Ол әйелінің кеш келетініне, үнемі үйде жоқтығына қатты алаңдап, аяғында ажырасуға шешім қабылдаған. Олар 6 жыл бірге тұрған. Сондай-ақ Ким оның өміріндегі еркектер оны Самантамен салыстыратынын, ол өмірде де Саманта секілді жүргіш деп ойлайтынын мойындады. Актриса бұл рөлдің өз өміріне бақытсыздық әкелгеніне сенімді. сондықтан ол өз персонажын жақсы көрмейді. Сондай-ақ Ким журналистерге қазір HBO «Секс в большом городе» фильмінің үшінші бөлімін түіруге әзірленіп жатқанын айтты.