È

Кинотавр-2018: «Бір тағайындаудың хикаясы» екі жүлдеге ие болды

Кинотавр-2018: «Бір тағайындаудың хикаясы» екі жүлдеге ие болды

Ресейлік «Кинотавр» фестивалінде «Бір тағайындаудың хикаясы» драмасы маңызды екі жүлдеге ие болды, бұл жүлделер фильмнің кәсіби қоғамдастық пен аталмыш ірі кинофорумның көрермендері арасында мойындалғанын білдіреді. Біріншісі – үздік сценарий (Авдотья Смирнова, Анна Пармас, Павел Басинский) үшін Григорий Горин атындағы сыйлық, екіншісі – көрермендер көзайымы жүлдесі (таспа дауыс беру нәтижесінде мүмкін болған 10-ның 8,4 бағасына ие болды).

Режиссер әрі экранды оқиға авторының бірі Авдотья Смирнованың («Кококо», «2 күн») фильмі әйгілі орыс жазушысының өмірінен эпизод көрсете отырып, мәңгілік мәселелерді қозғайды. Лев Толстой (Евгений Харитонов, «Бір күні бір әйел өмір сүріпті», «Брест қамалы») пойызда әрекеттегі әскерге ауыстыру туралы өтінішінен кейін Тульск губерниясына қызметке кетіп бара жатқан поручик Григорий Колокольцевпен (Алексей Смирнов) танысады. Әрі қарай граф Толстой әскери трибунал кезінде полктағы бітікші Шабунинді (Филипп Гуревич, «Қорқау қасқыр» мен «Өрмекші» хикаялары) ату жазасынан қорғайтын адам болып келеді.

«Бір тағайындаудың хикаясы» жеңіл комедиялық бағытта басталып, сот драмасына дейін өрбиді, Авдотья Смирнова мәңгілік сұрақтарға тоқталады. Оңды істердің бағасы қандай және оларды қанша тиынмен өтеуге болады? Қайсысы маңызды: адамшылық па, әлде туған елдегі нашар заңдарға деген махаббат па? Көрермендердің көпшілігі бұл таспадан Ресейдегі қазіргі жағдайлармен ұқсастықты байқады. Көркемдік деңгейде аталмыш жұмыс фестивальде максималды әсерге бөленді және авторлардың бойындағы бар эмоцияны көрерменге жеткізе білді, сондай-ақ жарты жүз жылдықта да Ресейде әлеуметтік амалсыздықтың азая қоймағанын көрсетті.

«Бір тағайындаудың хикаясы» Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 6 қыркүйегінен бастап қазақстандық айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер