Тайка Вайтитидің «Шынайы обырлар» комедиясы хикаяға айналмақ
Жуырда жаңазеландиялық режиссер Тайка Вайтитидің «Тор: Рагнарек» фильмі үлкен экранға жол тартады, картина суперкейіпкерлер туралы фильмнің триквелі болып табылады.
Режиссер Тайка Вайтити әлемге «Шынайы обырлар» атты қанішерлер туралы комедиясы арқылы танылған. Жақында «Тор: Рагнарек» фильміне қатысты берген сұхбатында Вайтити «Шынайы обырлардың» хикаяға айналуы мүмкін екендігін хабарлады.
Сол үшін ол әріптестерімен бірге фильмнің американдық нұсқасын дайындап жатыр.
«Шынайы обырлардың» сюжеті Жаңа Зеландияның астанасы Веллингтонда тұратын нағыз қанішерлердің өмірі туралы деректі фильм түсіруді бастаған түсірілім тобы жөнінде баяндайды. Фильм заманауи өмірде қанішер болудың қандай қиын екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ, Тайка Вайтити «Біз қасқырмыз» құбылғыш бейнелер туралы фильмнің спин-оффын жасауды көздеп отыр. Жұмыс баяу жүріп жатыр, режиссердің айтуынша «бізге тән Джемейн екпінінде. Ереже бойынша, біз айына бір сөйлем жазамыз».
Бұрын хабарланғандай, Тайка Вайтитиге Warner Bros. үшін «Акираның» экрандауын беру жоспарланып отыр.
«Тор: Рагнарек» үлкен экранға 2 қарашада шығады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін