È

«Арыстан патша» жаңа дауыстарға ие болмақ

Disney классикасы «Арыстан патшаны» дубляждайтын актерлардың есімдері белгілі болды

Disney-дің классикасына айналған 1994 жылғы «Арыстан патша» картинасындағы сүйікті кейіпкерлерге өз дауыстарын сыйлайтын актерлардың есімдері белгілі болды.

Классикалық хикаяның жаңа, ойнамалы нұсқасына режиссер Джон Фавро («Темір адам», «Ормандар кітабы») тамаша актерлік құрамды жинады. Түпнұсқаны дубляждауға бірінші санаттағы жұлдыздар шақырылды, олардың арасында мынадай актерлар бар:

- Дональд Гловер («Марсианшы», «Өрмекші адам: Қайта оралу») болашақ патша Симбаның рөлінде;

- танымал әнші Бейонсе Ноулз («Кадиллак Рекордс») болашақ патшаның ғашығы әрі балалық шағындағы құрбысы Наланы сомдайды;

- Джеймс Эрл Джонс қайтадан Симбаның қамқор әкесі әрі саваннаның ақылды басшысы Муфасаны дыбыстайды;

- Чиветель Эджиофор («Гангстер», «Гринвич уақыты бойынша») Симбаның дөрекі ағасы Шрамның дауысына жауапты;

- Элфри Вудард («Ка-Пэкс ғаламшары», «Алғашқы қорқыныш») Симбаның сүйікті анасы Сарабидің рөлінде;

- Джон Кани («Елес пен Түнек», «Бірінші кек алушы: Қарсы тұру») патшаның кеңесшісі әрі шаман, бабуин Рафикиді дыбыстайды;

- Джон Оливер патша Муфастың сенімді мүйізтұмсық құсы Зазаның дауысына айналады.

Сонымен қатар, фильмге ешқашан шағымданбайтын Тимонның рөлін сомдайтын Билли Айкнер және оның аңғал серіктесі Пумбаны сомдайтын Сет Роген, қорқаудың зұлым үштігі Шензи, Азизи мен Камари рөлдерін сомдайтын Флоренс Касумба, Эрик Андре және Кигэн-Майкл Ки қатысады.

«Арыстан патша» көркем фильмі көрермендерге 2019 жылдың жаз мезгілінде ұсынылады.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы Meloman Entertainment компаниясы болып табылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер