«Красавица и чудовище»: толық метражды нұсқасы
Disney студиясы 1991 жылы түсірілген мультипликациялық картинаны толықметражды фильм ртеніде қайта шығармақ. 2014 жылы француздық фильм шыққан болатын, Басты рөлінде Лиа Сейду және Венсано Кассел ойнаған. Түсірілімге жетекшілік еткен Кристоф Ганс. Тұсаукесері келесі жылдың көктеміне жоспарланған фильмге Эмма Уотсон, Юэн МакГрегор, Люк Эванс, Дэн Стивенс және басқалар қатысты. Сұлу қыздың рөлі әрине Эмма Уотсонға бұйырды. Тизерде ол мультфильмде Белль киген көйлекті киіп түсіпті. Құбыжықтың рөлінде Дэн Стивенс, ал МакГрегор мен Люк Эванс 1991 жылғы мульфильмдегідей сөйлейтін шам қойғыш пен сағаттың рөлінде. Фильмнің ерекшелігі де сол, ол мультфильмнің түпнұсқасына өте жақын. Әзірге фильмді жасаулар тек алғашқы тизер-трейлерін ұсынды.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін