È

«Крид 2»: Майкл Б. Джордан және Сильвестр Сталлоне кезекті нокаутқа дайын

«Крид 2»: Майкл Б. Джордан және Сильвестр Сталлоне кезекті нокаутқа дайын

MGM және Warner Bros. студиялары «Крид 2» спорт драмасының екінші трейлерін ұсынды. Басты рөлді сомдайтын Майкл Б. Джордан («Кин», «Фаренгейт бойымен 451 градус») және Сильвестр Сталлоне («Қашу жоспары 2», «Галактика сақшылары. 2 бөлім») кезекті нокаутқа дайын. 2015 жылғы «Крид: Рокки мұрасы» сенсациялық фильмдері жалғасының түсірілімімен режиссер кіші Стивен Кейпл («Есейіп кеткендер», «Жерұйық») айналысты.

Адонис Крид (Майкл Б. Джордан) әкесі танымал боксшы Иван Драгоның (Дольф Лундгрен, «Қара су», «Биіктік») ұлы Виктор Драгамен (Румыниялық боксшы Флориан Мунтеану) қайтадан ринг алаңына шығуға дайын. Осының арқасында іске Рокки Бальбоа (Сильвестр Сталлоне) араласады, ол да бұл шайқасты өзінікіндей қайтадан бастан өткереді. 1985 жылы «Рокки IV» картинасының сюжетінде Сталлоненің Виктордың әкесімен жекпе-жегі болған.

Жақында берген сұхбатында Майкл Б. Джордан бокс жайлы франшизасында кейіпкерінің қарсыласының неліктен ұтымды болғанын түсіндіре кетті: «Бұл екі жігіт барлығын түбегейлі өзгерте алады. Адонис Виктор мен Иванға кекпен қарайды, бірақ одан бөлек, басқа да тақырыптар бар: жеке бойы, отбасы маңыздылығы, мұрагерлік, осылар «Крид: Рокки мұрасын» ерекше қылып көрсетеді. Бұл жәй ғана кек туралы фильм емес, бұл таспада одан да зор тақырып қозғалады».

«Крид 2» спорт драмасы 2019 жылдың 17 қаңтарынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер