È

«Фантастикалық мақұлықтар: Грин-де-Вальд қылмысы»: соңғы трейлер және ғажайып кейіпкерлер

«Фантастикалық мақұлықтар: Грин-де-Вальд қылмысы»: соңғы трейлер және ғажайып кейіпкерлер

Warner Bros. студиясы режиссер Дэвид Йейтстің «Фантастикалық мақұлықтар: Грин-де-Вальд қылмысы» отбасылық шытырман оқиғалы фэнтезиінің соңғы трейлерін ұсынды. Бұл режиссер Джоан Кейт Роулинг туындылары бойынша Гарри Поттер жайлы фильмдерді экрандау арқылы танылған. Жазушы қайта іске кірісіп, таспаның сценарийін 2016 жылы жазды. Роулинг «Фантастикалық мақұлықтардың» бес бөлімді франшиза болатынын хабарлады. Бір қызығы, дәл соңғы трейлерде кейіпкерлердің түрлі тірі жаратылыстарға айналуына баса назар аударылған.

Warner Bros. басқа жақта шықпай тұрғанда, осы желіде роликтің тұсаукесерін өткізу үшін Twitter әлеуметтік желісімен бірікті. Жаңа трейлер шыққанда, Нью-Йорк, Торонто және Токиодағы электронды жарнама тақтайшалары шынайы өмірде #WandsReady хэштегін пайдаланған жанкүйерлердің әрекеттерімен толып кеткен.

Гарри Поттердің» авторы жақында жаңа бөлімде зұлым сиқыршы Геллерт Грин-де-Вальдты сомдайтын Джонни Деппке («Шығыс экспрессіндегі өлім», «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды») қолдау білдірді. Себебі, бұл актер бұрынғы әйелі, актриса Эмбер Хёрдке отбасылық зорлық көрсеткені үшін айыпталған еді.

«Фантастикалық мақұлықтар: Грин-де-Вальд қылмысы» отбасылық шытырман оқиғалы фэнтезиі 2018 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер