È

«Шығыс экспрессіндегі өлім»: жалғасының түсірілімі

«Шығыс экспрессіндегі өлім»: жалғасының түсірілімі

Агата Кристи кейіпкерлері Шығыс экспрессіне сәтті тұрақтаған соң, Twentieth Century Fox компаниясы кейіпкерлерді әйгілі Ніл өзеніне жіберуді жоспарлап отыр.

Fox «Шығыс экспрессіндегі өлімнен» кейін әйгілі жазушының «Нілдегі өлім» детективті материалымен және Эркюль Пуароның келесі құпиясымен жұмыс істеп жатыр.

«Шығыс экспрессіндегі өлімінің» экранды бейімдеуінің авторы Майкл Грин қазіргі таңда жаңа сценарий жазуда, «Оскардың» бес мәрте иегері Кеннет Брана режиссер ретінде және Пуаро рөлін сомдауға қайта оралмақ.

«Нілдегі өлім» алғаш рет 1937 жылы басылып шыққан болатын, ол Египетте демалып жатқан танымал детектив туралы баяндайды. Эркюль Пуаро махаббат үштігін зерттей бастайды, себебі үштіктің бірі қайтыс болған еді. Роман жоғары әулет өкілдерінің және мансапқұмарлардың күдіктілер тобына түскенін көрсетеді.

«Шығыс экспрессіндегі өлім» романы бұрын 1974 жылы экрандалған болатын. Фильмге 70 жылдардағы көптеген киножұлдыздар түскен, оның ішінде Пуаро секілді Альберт Финни де бар. «Нілдегі өлім» айналымға 1978 жылы шыққан. Таспаға Бетт Дэвис, Миа Фэрроу, Мэгги Смит, Анжелу Лэнсбери және Дэвид Найвен түскен. Бұл хикая Агата Кристидің ең танымал жұмыстарының бірі болып табылады.

«Шығыс экспрессіндегі өлім» өндірісіне 55 миллион доллар жұмсалған. Таспа екі апталық айналымда әлем бойынша 150 миллион көлемінде бокс-офис жинаған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 қараша 2017, 13:02

Ждём все выходы Агата Кристи

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер