È

«Шығыс экспрессіндегі өлім» фильмі Қазақстандағы кассалық жинақ рейтингісінде көш бастап тұр

9-12 қараша аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада Агата Кристидің романының экрандалған түрі - «Шығыс экспрессіндегі өлім» картинасы жарыққа шықты. Отандастарымызды «Ван Гог. Махаббатпен, Винсент» анимациялық киносының шығуы ерекше таң қалдырды. Оның түсіріліміне 100 суретші атсалысқан. Айналым жаңалықтарының қанша пайда тапқанын, қай фильмнің 200 миллион теңгеден жоғары жинағанын төмендегі материалдан оқып біле аласыздар.

«Шығыс экспрессіндегі өлім» детективінің тұсаукесерлі демалысы сәтті болды. Фильм Қазақстандағы кассалық жинақ рейтингісінде көш бастап, 248 276 600 теңге жинаған. Хаббард ханымның рөлін Анджелина Джоли сомдауы тиіс еді. Актрисамен келіссөздер бірнеше айға созылды, бірақ ол сценарийді біраз өзгертуді талап еткен. Ақыры, Fox студиясының продюсерлері келіссөздерді тоқтатты. Кейін оның орнына Шарлиз Терон қарастырылды, бірақ рөл Мишель Пфайфферге бұйырды.

«Шығыс экспрессіндегі өлім» фильмінен көрініс

Айналымның екінші аптасында «Тор: Рагнарёк» 89 224 403 теңге жинады. Картинаның жалпы жинағы 429 802 241 теңгені құрады. Айта кету керек, Тор туралы фильмдер топтамасы – түрлі режиссерлары бар Marvel Studios-тың жалғыз франшизасы, алғашқы «Торға» (2011) Кеннет Брана режиссерлік етті, ал «Тор 2: Түнек патшалығының» режиссері Алан Тейлор болған. Ерекше дарынды Халк Marvel киноәлемінің үшінші бөлімінде алғаш рет екі-ақ сөз ғана айтады.

«Аға ма әлде неке ме» отандық комедиясы барған сайын төмендеп барады. Кинотаспа кассаны 35 067 600 теңгеге толтырды. Фильм айналымға шыққалы бері 182 378 000 теңге жинады. Дәурен Серғазин үшін бұл үлкен кинодағы дебютті қадамы болды. Театр актері көрермендерге «Қара шаңырақ» және «Ән аға» хикаялары арқылы таныс. Сондай-ақ, комедияда ресейлік Stand up шоуының резиденті, әзілкеш Нұрлан Сабыров та дебют жасады.

«Кішкентай қанішер» анимациялық таспасы 13 580 345 теңге жинады. Картина Ангела Зоммер-Боденбургтің аттас кітабының желісімен түсірілген. Режиссерлік қызметті продюсер Рихард Клаус пен Карстен Килерих атқарды. Рихардтың екі режиссерлік жобасы бар, олар – 1982 жылғы «Бананды Пауль» және 2006 жылғы «Ұры Лорд». Мультфильм бюджеті 10 миллион долларды құраған.

«Кішкентай қанішер» фильмінен көрініс

«Соңғы жауынгер» фантастикалық хикаясы үздік бестіктің қатарында әлі тұр. Фильм айналымның төртінші аптасында 9 863 902 теңге жинаған. Жалпы жинағы әзірге 178 103 109 теңгені құрайды. Сергей Бурунов дыбыстаған су перісі кейіпкері компьютерлік графиканың көмегімен жасалды. Ал Қыдыр рөлін сомдаған Константин Лавроненкоға оңай болмады. Актерға түсірілімнің әр күні үш сағат бойы грим жасалған.

«Фиксиктер: Үлкен құпия» мультфильмінің жинағы 8 723 950 теңгені құрады. Картина режиссерлары - Васико Бодшвили, Андрей Колпин және Иван Пшонкин. Авторлар толықметражды анимацияның екінші бөлімін жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Фильм сценарийін Евгений Антропов («Жауынгерлер» хикаясы) және Георгий Васильев жазды. «Фиксиктер: Үлкен құпия» фильмі екеуінің алғашқы толықметражды жобасы болып табылады.

«Дәрігер Ноктың айласы» комедиясы демалыс күндері 3 477 600 теңге жинады. Картина Францияның әсем жерлерінде, атап айтқанда Сен-Мартен-ан-Веркордта, Кольмбье-ле-Вье және Ла-Рошели теңіз мұражайында түсірілді. Омар Си үшін «Дәрігер Ноктың айласы» - «1+1» (2011) комедиялық драмасынан кейінгі 14-ші толықметражды көркем фильм. Актерлар Алекс Лутс, Одри Дана және Паскаль Эльбе 2014 жылы «Париждегі сұлулар» картинасының түсірілімінде бірге жұмыс істеген.

«Ван Гог. Махаббатпен, Винсент» фильмінен көрініс

«Ван Гог. Махаббатпен, Винсент» фильмі алғашқы демалыста 3 079 200 теңге жинады. Бұл - 56 800 кадры қолмен жазылған әлемдегі алғашқы анимация. Картина түсіріліміне 100 суретші атсалысқан. Сценарий авторлары және режиссерлары Дорота Кобиела мен Хью Уэлчман болды, таспа өндірісімен BreakThru Films және Trademark Films компаниялары айналысты.

Ең аз касса жинаған фильмдер: «Батылдар ісі» - 2 124 400 теңге және «Геодауыл» - 1 667 200 теңге.

Жеңіліс тапқандар арасында 980 500 теңге жинаған «Витька Чеснок Леха Штыряны мүгедектер үйіне қалай апарды» ресейлік комедиясы және 815 677 теңге жинаған «Матильда» драмасы тұр.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер