È

«Аға ма әлде неке ме»: Күйеуге жіберіңіздерші

«Аға ма әлде неке ме» фильміне пікірнама

Айналымға «Аға ма әлде неке ме» романтикалық комедиясы шығып, екі түрлі дебют жасады. Біріншіден, Құралай Анарбекова толықметражды фильмнің продюсері ретінде алғаш жұмыс істеп отыр, екіншіден, бірнеше хитті хикаяларды түсірген Ернар Нұрғалиев үлкен киноға бет бұрды.

Үнемі жолы болмай жүретін жас жігіт Айдар бір көргеннен-ақ Гаухар есімді қызға ғашық болады. Бойжеткен де кет әрі емес. Келесі қадам – әрине, үйлену тойы. Бірақ, Айдар мен Гоханың бақытына бойжеткеннің бес ағасы қарсылық танытады, ағалары қарындастарын өздерінше жақсы көреді, сондықтан Айдарды оған лайықсыз деп санайды. Алғашқы сәтсіз таныстықтан соң, Айдар сүйіктісінің қолдауымен әрқайсысының жүрегіне жол табуға тырысады.

Қазақстан киносында комедияның екі түрі бар: бірі хикаяларды баяндаса, екіншісі көрерменді күлдіруге тырысады. Ал екеуін де бейнелейтін картиналар өте сирек кездеседі.

Жалпы, «Аға ма әлде неке ме» фильмі хикаяны баяндамайтын «күлкілі» түріне жататын сияқты. Алишер Утев пен Арыстан Кауневтің (авторлар «Қазақша кәсіп» хиті арқылы дуэтті дебют жасаған) алдыңғы жұмыстарындағыдай, әзіл сюжетті басып кеткен, ал екінші қатардағы жарқын кейіпкерлер алдыңғы орынға шығып, сюжет желісін екінші орынға ығыстырған.

Картинаның басты мәселесі - фильмнің негізгі арқауы болуы тиіс романтикалық желісі сүреңсіз көрсетілген. Ал Дәурен Серғазин және Құралай Анарбекова екеуінің арасында «химиялық» байланыс жоқ, дегенмен екеуі өз образдарын барынша алып шығуға тырысқан. Екеуінің арасында махаббатты айтпағанда, ортақ дүниенің болатынына сену өте қиын. Бұл фильмнің кемшілігіне жатады.

Ал, артықшылықтарына келетін болсақ, олар көп. Негізі, ағалар рөліндегі актерлар мен комедиялық образдар сәтті таңдалған.

Әбунасыр Серіков әдеттегідей көңілді, жігерлі, күлкілі образды (сюжет бойынша, ол түнгі клубтағы егде тартқан ди-джей, ауылда ұзақ уақыт тұрған) сомдаса, үлкен кинода дебют жасаған Олжас Жанабеков қылмыс беделі Баганы, стэндап-әзілкеш Нұрлан Сабыров тәккапар миллионер Аянды бейнелеп, таң қалдырды. Сонымен қатар, Бауыржан Қаптағай мен Мұрат Бисенбин де жақсы ойнаған, бірақ басқа «ағаларға» қарағанда, олардың еншісінде әзіл аздау болған.

Авторлардың ойынша, көрермендерге арналған басты тосын сый – Тәуекел Мүсілімнің кекесінді образы. Жігіттің актерлік ойыны әдеттегідей қиындау болған сияқты, бірақ кейіпкер қызықты болып шыққан.

Жалпы, «Аға ма әлде неке ме» - КТК комедиясының тағы бір түрі, мұнда әзілге арналған әзілдер бар. Дебютанттарға болады, бірақ Ернар Нұрғалиевтің картинасынан он шақты әзіл-қалжың мен қызықты сәттерден басқа, ештеңе күтпейтін сияқтысың.

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

 

«Аға ма әлде неке ме» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

 

Оцените рецензию

4 пікір

Пікір қалдыру үшін

Бакыт

8 қараша 2017, 14:25

Фильм веселый, интересный. Для меня образ главной героини Гаухар - как образ современной девушки. С современном мире довольной самодостаточные, образованые, красивые девушки, они строят карьеры, но не могут выйти замуж. Почему? Потому что добившись определенных высот в карьере, они хотят себе в мужья успешных мужчин. Выбирая претендента в мужья, Гаухар понимает, что она уже не тек молода как раньше и рискует остаться в старых девах. А запросы ее в фильме представлены ее братьями. Ее избранник должен быть богат,т красив, умен, весел, силен, влестен. И вроде бы Марсель является эталоном ее мечтаний, но он ей нравится. Она влюбилась она в Айдара, который совершенно не имеет никакого отношения к ее идеалу. Даже он думает, что девушки должны быть без ума от такого парня, как Марсель. В итоге пытаесь, старась соответствовать запросам своей любимой Айдар сдается. Но любовь заставляет поменять решения. Гаухар оставлянт свои запросы, а Айдар признает, что он не такой как ее братья. Но в будущем он постарается добиться высот. В итоге побеждает ЛЮБОВЬ!

Бакыт

8 қараша 2017, 14:31

Извиняюсь, здесь граматические ошибки. Если возможно удалить коментарий, удалите.

Бакыт

8 қараша 2017, 14:29

Фильм веселый, интересный. Для меня образ главной героини Гаухар - как образ современной девушки. В современном мире довольной самодостаточные, образованые, красивые девушки, они строят карьеры, но не могут выйти замуж. Почему? Потому что добившись определенных высот в карьере, они хотят себе в мужья успешных мужчин. Выбирая претендента в мужья, Гаухар понимает, что она уже не тек молода как раньше и рискует остаться в старых девах. А запросы ее в фильме представлены ее братьями. Ее избранник должен быть богат,т красив, умен, весел, силен, влестен. И вроде бы Марсель является эталоном ее мечтаний, но он ей не нравится. Она влюбилась она в Айдара, который совершенно не имеет никакого отношения к ее идеалу. Даже он думает, что девушки должны быть без ума от такого парня, как Марсель. В итоге пытаеяь, стараясь соответствовать запросам своей любимой Айдар сдается. Но любовь заставляет поменять решения. Гаухар оставляет свои запросы, а Айдар признает, что он не такой как ее братья (не соответствует ее запросам). Но в будущем он постарается добиться высот. Они принимают друг друга такими какие они есть, и в итоге побеждает ЛЮБОВЬ!

Мырзахмет

23 наурыз 2018, 01:47

В фильме, сеть много деталей. которые, не хватало. Но жена Нурлана Сабурова, отлично подобрана.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер