È

«Аға ма әлде неке ме»: Тағдыр таразысы

«Аға ма әлде неке ме» пікірнама

Кез-келген отандық фильмнің айналымға шығуы біртүрлі аралас сезімді тудырады. Бір жағынан, ел мен отандық киноөндіріс үшін мақтаныш сезімі орнаса, бір шетінен сол фильмнің қалай шыққанын ойлап, күмәнданасың. Осы аптада жарыққа шыққан «Аға ма әлде неке ме» комедиясы қуанышты да, ұятты да сезінбейтін отандық картина үлгісі іспетті.

Айдар (Дәурен Серғазин) есімді жігіт Алматы көшелерінің бірінде жүгіріп бара жатыр. Кенеттен оны көлік қағып кетеді, рөлде Гаухар (Құралай Анарбекова) отырады. Нәтижесінде, жігіттің денесі жарақаттанып, гипске оралады. Бойжеткен өзін кінәлі сезініп, жігіттің барлық шығынын, ем-домын төлеп береді. Осы уақыт аралығында екеуі жақындасып үлгереді. Айдар жазылып шыққан соң, қызға ұсыныс білдіреді. Гаухар келіскендей болады, бірақ ағаларының қарсылық танытатынын айтады.

Шығармашылық адамы, музыкант Айдар қатал Аман ағамен (Бауыржан Қаптагай), темекі шеккенді ұнататын Қанапиямен (Әбунасыр Серіков), дуана Асанмен (Мұрат Бисенбин), өткір тілді Аянмен (Нұрлан Сабыров) және спортшы Багамен (Олжас Жаңабеков) танысады.

Кейде кемшіліктер мен артылықшылықтар бір-бірін толықтырып тұратын фильмдер болады. Нәтижесінде, жақсы не жаман емес картиналар дүниеге келеді, олар орынды әзіл мен актерлік ансамбльдің мінсіз жұмысына қарамастан, бір уақытта қызықты әрі солғын көрінеді.

Режиссер Ернар Нұрғалиевтің картина идеясы өмірге бейім болып шықты. Дегенмен, «Аға ма әлде неке ме» фильмі аралас сезімді тудырады. Бір жағынан, бұл «Ата-анамен танысу» және «Факерлермен танысу» атты Голливуд фильмдерінің өзіндік бір көшірмесі сияқты. Басты кейіпкерлер Гаухардың бес ағасына жолығып, жақсылап танысып, некелеріне ақ бата алу үшін кезек-кезек кіріп шығады. осы әдіс арқылы қоғамымыздағы таптаурынды түрлі оқиғалар әжуаланады. Басқа жағынан, бұл хикаяға әлдене жетіспейтін сияқты. Біріншіден, басты кейіпкерлер бес ағалардың екеуінің ғана үйінде болды, қалғандарымен жұмыста жолыққан. Бұл қазақи бағыт емес қой. Тағы да бірнеше кейіпкерлерді қосып, оқиғаны әрлендіре түсу керек пе еді. Негізі, ағалардың ешқайсысының балалары жоқ, бұл картинаның тірілігін жоғалтып тұр. Мұрат Бисенбинге ең сәтсіз кейіпкер тап болған. Өкінішке қарай, соңғы уақытта актердың картинадағы рөлдерден жолы болмай жүрген секілді.

Жалпы, сюжеттің өзі қызыққа толы. Дегенмен, кей тұстарында шынайылық байқалмайды, керісінше шаршатып жібереді. Оның үстіне, отандық кинематографта туыстық байланыс пен некелесу қиындығына арналған картиналар жеткілікті.

Осының барлығына қарамастан, актерлар Бауыржан Қаптағай, Әбунасыр Серіков, Олжас Жаңабеков әзілді бағытты жақсы алып шыққан. Әсіресе, Тәуекел Мүсілімнің рөлі сәтті болған. Бірақ, көрермен назары танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа көбірек ауатын сияқты. Ол өз-өзін сомдайды, сондықтан да оның әзілі шынайылықты толық бейнелемегені, кейіпкерлердің аздығы сынды фильм ортасындағы кейбір кемшіліктерді жасырып тұрғандай.

Басты рөлді сомдаған Дәурен Серғазин басты кейіпкердің – қиындықтарға қарамастан сұлу қызбен бақытты болғысы келетін романтикалық музыкант жігіттің образына дәл келіп тұр. Құралай Анарбекова да өздеріне мәселе тауып алып, кейін өздері-ақ шешетін бойжеткендердің образын айнытпай көрсеткен.

Фильм музыкасын Никита Карев жазды, OST мэтр Ринат Гайсин шығарған. Композиторлардың шеберлігі мен дарыны фильмде дыбысталған алғашқы нотадан-ақ байқалады, туындылар фильмге романтика мен көрік беріп тұрғандай. Операторлық жұмыс қанағаттанарлық, бірақ субъективті камераны қолданғандары сұрақ туындатады. Осындай кезде кәсіби емес, жәй ғана құрылғыға түсіргендей көрінеді. Қуанышқа орай, фильмде ондай сәттер екі-үш жерден ғана байқалады, дегенмен жағымсыз әсер қалдыратыны тағы бар.

Қосымша екі-үш кейіпкердің жетіспегеніне қарамастан, қазақстандық шынайылыққа енген сценаристердің жұмысы, жалпы «Аға ма әлде неке ме» фильмі жағымды, көңілді комедия болып көрінеді. Актерлардың сюжетті желіні барынша сезініп, көрермендерге жақсы дүние ұсынғысы келгендей, бұл киноға достарыңмен немесе ғашығыңмен ұялмай бара аласың.

«Аға ма әлде неке ме» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

 

Киноға Альберт Ахметов барды

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Аида Жакишева

4 желтоқсан 2017, 08:58

Согласна полностью. Понравилась только игра Гаухар и Тауекеля, ну и Нурлана Сабурова. Остальные выглядели хоть и неплохо, но нереалистично (в какой то момент я даже вспомнила фильмы Б.Есентаевой - Ғашық жүрек, которые показались и то более глубокими, хотя не факт)). И действительно не хватало глубины, как то все поверхностно выглядело, хоть и красочно, красиво. Супруга Нурлана это вообще аут. Самый нереалистичный эпизод. И кошка их в комнате.. слишком. А так в целом) если фильм не претендует на идеальный, то в целом, хорошо. Я не жалею что сходила.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер