È

«Кішкентай қанішер»: Түрлері қорқынышты болғанымен, ішкі жан дүниелері мейірімді

«Кішкентай қанішер» мультфильміне арналған пікірнама

Тылсым күштер жайында баяндайтын оқиғалар көрермендерді әрдайым қызықтыратыны анық. Жақында ғана айналымға шыққан «Кішкентай қанішер» атты еуропалық мультфильм қанішер кейіпкерлер мен кейбір қызықты сәттердің арқасында балалар аудиториясына ғана емес, барлығына ұнайтын секілді.

Трансильвания. Қанішер Рудольф 300-рет 13 жасын атап өтуде. Осыған орай ата-анасының қамалына бүкіл Еуропадан келген туыстары жиналады. Сонымен қатар, жақындары Қара орманнан да келген. Сол кезде жақын маңнан қанішерлер туралы хикаяны жақсы көретін Тони ата-анасымен өтіп бара жатыр еді. Ұшып бара жатқан қанішерлерді көрген Тони қуаныштан айқайлап жібереді, ал ата-анасы біраз қорқып қалады. Олар жолдан бұрылып, дөңгелектерін теседі. Содан кейін, жергілікті қонақ үйге түнейтін болады, ол қонақ үйге Рудольф ұшып келуі тиіс. Оны барлық қанішерлер жиналатын Трансильваниядағы қамалды бітеп тастаған аңшы Рукери отбасымен бірге іздеп жүрген.

Дания, Нидерландия мен Германияның біріккен жобасы Анжела Соммер-Боденбургтың кітаптар топтамасына негізделген, сондай-ақ 2000 жылғы «Қанішер бала» фильмінің ремейкі болып табылады. Мультфильмнің қоюшы-режиссерлары Рихард Клаус пен Карстен Килерих заманауи балаларға «Қанішер бала» фильмін еске түсіргісі келген сияқты. Мультфильм кейіпкерлері фильмдегі образдарға қатты ұқсайды, сондай-ақ бұрынғы картинада зұлым Рукеридің рөлін сомдаған Джим Картер мультфильмдегі кейіпкерін ағылшын тілінде дыбыстаған.

Жалпы, баяндау деңгейін мультфильмнің мықты тұсы деп айта алмас едік. Басталуында, яғни Тони мен Рудольфтың алғашқы кездесуіне жарты сағат уақыт кетеді. Әрине, мұндай әдіспен кейіпкерлердің қарым-қатынасы түсініктірек болатыны сөзсіз, дегенмен кей бөліктері сұрақ туындатады. Мүмкін, мультфильм ретінде балаларға кемшілік болып көрінбейтін шығар, сондай-ақ қанішер кейіпкерлердің адам қанының орнына немен қоректенетінін білуді және Рукеридің ешқандай қауіп әкелмейтін қанішерлерді құртуға неліктен асық екендігін білу қажет емес шығар.

Мультфильмнің басы нағыз сынаққа толы. Бұл жақта әзіл жоқ деуге болады, бірақ қарапайым деректер тізбектеліп айтылады. Барлық қызық келесі бөлімдерінде басталады. Алайда, бір жарым сағаттық мультфильм үш сағаттық фильммен тең. Картина жеңіл құрылғанмен, сценаристер әр кейіпкерді ашуға тырысқан. Сюжеттен-ақ кімнің қандай нәрсеге бейім екендігін байқай аламыз, сонымен қатар мультфильм кейіпкерлері тап болған оқиғалардан сабақ алуға тырысамыз.

«Кішкентай қанішер» тым салмақты көрінеді. Еуропалық мультипликаторлардың ең алдымен жағымды отбасылық оқиғаны түсіргісі келгендері сезіледі. Жалпы, ойлары жүзеге асқан секілді. Тек әзіл жағы кадр сыртында қалып қойғандай. Әрине, әр түрлі жастағы көрермендерге күлкі сыйлайтын көріністер жоқ емес, дегенмен «Кішкентай қанішердің» әзілге өте жақын голливудтық мультипликаторлармен бәсекеге түсуі қиын.

Ал графика жағынан ешқандай сұрақ жоқ. Кейіпкерлер нақты бейнеленген, мимикалары олардың сезімдері мен көңіл-күйлерін дәл жеткізген, барлық кейіпкерлердің көзқарастары айқын. Бір сөзбен айтқанда, мультипликаторлар адамдар мен қанішерлер әлемін бейнелеу арқылы анимация мен шынайы өмір арасындағы теңдікті тапқан сияқты.

Кез-келген мультфильмнің негізгі бөлігі – музыкалық сүйемелдеу. Композиторлар өз жұмыстарын мінсіз атқарған. Шырқалып жатқан әуендер кейіпкерлердің көңіл-күйін дәлме-дәл жетізеді әрі сапалы бейненің арқасында көрермендердің алғашқы минуттардан-ақ кімнің жағымды, кімнің жағымсыз кейіпкер екенін айыруға көмектеседі. Иә, бұл жақта Disney-дегі секілді ән қойылымдары жоқ, бірақ ол «Кішкентай қанішердің» артықшылығы болып есептеледі.

Жалпы, «Кішкентай қанішер» - дұрыс құндылықтарды дәріптейтін сүйкімді, жағымды мультфильм. Отбасы мүшелеріңмен бірге барып, әдемі оқиғадан жағымды әсер алып қайтуға болады.

 

 

Киноға Альберт Ахметов барды

 

«Бродвей» редакциясы «Кішкентай қанішер» мультфильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Меломан» компаниясына және Lumiera cinema кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер