È

Джонни Деппке жұдырық ала жүгіргені үшін арыз жазылды

Джонни Деппке жұдырық ала жүгіргені үшін арыз жазылды

«Жалғандық қаласы» қылмыстық триллерінің түсірілім алаңында актерге белгілі бір шектеуді ұстануын талап еткен натура таңдау маманын жұдырықпен ұрып жібергені үшін Джонни Деппке дүйсенбі күні шағым түсті. Грегг «Рокки» Брукс бұл оқиғаның 2017 жылдың 13 сәуірінде Депп Лос-Анджелес орталығындағы Barclay қонақ үйінің жанында түсіп жүрген кезде болғанын растады. «Жалғандық қаласы» екі рэп жұлдызы Тупак Шакур мен Notorious B.I.G.-тің өлімін зерттеген полицей хроникасы жайлы баяндайды және Рэндалл Салливан кітабына негізделген.

Брукстың айтуынша, түсірілім тобы қонақ үйдің жанынан 19:00-ге дейін және 22:00-ге дейін қонақ үйдің ішінде түсіруге рұқсат алған, екі досымен бірге ұзақ режиссерлік нұсқасын түсіргісі келген Деппен ақылдасып, одан осы уақытты ұзартуын сұраған. Брукс түсірілімді тура 23:00-ге дейін ұзарта алғанын, әрі қарай жұмыстың тоқтатылуы тиіс екенін режиссер Брэд Фурманға хабарлағанын растады. Фурман шамамен былай деген: «Сіздер мұны неге Джонни Деппке айтпайсыздар?».

Брукс жұмыстың аяқталғанын Деппке айтпақ болып, тіпті полицейдің көмегіне жүгінген, себебі Депп оған: «Сен неге келдің? Сенің маған не істеу керектігімді айтуға құқың жоқ!», - деп айғайлап жіберген. Брукс натура таңдау маманы ретінде түсірілімнің қалалық нормаларға сай екеніне көз жеткізуі тиіс екенін түсіндіруге тырысқан. Депп шамамен, былай жауап берген: «Сенің кім екеніңе түкіргенім бар, сен маған бұйрық бере алмайсың!». Содан кейін актер Брукстың көкірегінің сол жақ төменгі жағынан екі рет жұдырығымен соғып қалған, сондай-ақ: «Менің бетімнен дәл қазір салып қалсаң, саған 100 000 доллар беремін!», - деген. Брукс Депптен ішімдіктің иісі аңқып тұрғанын да айта кетті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер