Крис Эванс Marvel-мен арадағы келісім-шартты созды
Крис Эванс Америка капитаны образымен мәңгіге қоштасатын сияқты еді. Бірақ, ол «Кек алушылар» фильмінің төртінші бөліміне түсу үшін Marvel-мен арадағы келісім-шартты созды. Бұл туралы актердің өзі The Telegraph арқылы хабарлап, жобаға неліктен қайта қатысып жатқандығын айтып берді.
Крис Эванс бастапқыда Marvel-мен 6 фильмге түсу үшін келісім-шарт жасасты. Оған «Кек алушылар. Бітпейтін соғыс» фильмінің үшінші бөлімінен соң оңай кете салуына болар еді. Бірақ, үшінші бөлімнен дилогия жасайтын болғандықтан, оған барлық басты кейіпкерлер қатысуы тиіс еді. Дегенмен, барлық кейіпкерлерді бір фильмге сыйғыза алмағандықтан, «Кек алушылар» картинасының төртінші бөлімі осы хикаяға нүкте қоймақ.
Осылайша, «Кек алушылардың» төртінші бөлімінің түсірілімі тамызда басталады. Режиссерлары ағайынды Руссо болмақ.
«Кек алушылар. Бітпейтін соғыс» фильмінің үшінші бөлімінің тұсаукесері 2018 жылдың 3 мамырында болады. Ал төртінші бөлімі 2019 жылдың 2 мамырында көрсетілмек.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін