È

Кристен Белл «Фантастикалық лагерь» жобасына шақырту алды

 Кристен Белл «Фантастикалық лагерь» жобасына шақырту алды

Кристен Белл («Өте нашар аналар», «Киттерді бәрі жақсы көреді») «Фантастикалық лагерь» жобасындағы басты рөлдердің біріне шақырту алды. Аталмыш музыкалық фильмнің түсірілімімен STX Entertainment айналысады. Сид Каргердің сценарийі бойынша актриса үнемі өзінің қорқынышымен арпалысатын орта мектептің мұғалімінің рөлін сомдайды. Беллдің кейіпкері ақыр соңында ересектердің дарынын дамытатын арнайы жерде білім алады.

Бұл Кристеннің музыкалық фильмдегі алғашқы рөлі емес. Ол 2013 жылы «Мұздаған жүрек» анимациялық фильмінде Аннаны дыбыстап, ән шырқаған болатын. Актриса бұған дейін де шоуларға және киномюзиклдерге қатысқан. STX Entertainment-тің Кристен Беллге қызығушылық танытуы бекер емес. Олар айналымда 200 миллион доллардан аса қаржы жинаған «Өте нашар аналар» франшизасында бірге жұмыс істеген болатын. Қазіргі уақытта Белл «Ең үздік әлемде» хикаясының басты рөліне түсуде. «Фантастикалық лагерь» оның өндірістегі үзіліс кезінде түсіріледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер