È

Аптадағы тұсаукесерлер: Көңіл көтеру

7 желтоқсаннан басталған апта тұсаукесерлері

Отандық киномандарды түрлі жанрдағы жаңа фильмдер толқыны күтуде. Экранға аналардың шытырманға толы хикаясының жалғасы «Өте нашар аналар 2» фильмі, Блейк Лавлидің қатысуындағы «Сені ғана көремін» махаббат драмасы және «Шынжырлы ит» қылмыстық триллері шығады. Ал 6 жастан асқан көрермендерге батырдың тамаша хикаяларын баяндайтын «Эспен троллдер патшалығында» фильмі ұсынылмақ.


«Өте нашар аналар 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.12.2017

Мемлекеті: АҚШ, Қытай, 2017

Режиссерлері: Джон Лукас, Скотт Мур

Рөлдерде: Мила Кунис, Кристен Белл, Кэтрин Хан, Сьюзен Сарандом

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жаңа жыл жақындап келеді, сондықтан құрбылар жақсылап тойлауды ұйғарады. Бірақ, аналар әлі де ата-аналарының бақылауында жүргендерін байқамаған еді, олардың ата-аналары да қыздарымен бірге жаңа жыл тойлағысы келеді.

 

«Бақытты өлім тілеймін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.12.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Кристофер Лэндон

Рөлдерде: Джессика Рот, Руби Модин, Лаура Клифтон, Джейсон Бэйл

Жанры: қорқынышты фильм, триллер, детектив

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм кейіпкері туған күнінде қайтыс болады. Бетперде киген біреу оның өміріне қастандық жасайды, бірақ тағдыр жарылқап, бойжеткенге қанішерді табуына мүмкіндік сыйлайды. Кейіпкер бетпердедегі адамның кім екенін анықтамайынша, өлім күні қайталана береді.

 

«Сені ғана көремін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.12.2017

Мемлекеті: Таиланд, АҚШ, 2016

Режиссері: Марк Форстер

Рөлдерде: Блейк Лавли, Джейсон Кларк, Ивонн Страховски, Хави Санчес

Жанры: драма, детектив

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Джина бала күнінде болған автокөлік апатынан көзінен айырылып қалған. Бірақ, бұл сүйікті болып, сүюге кедергі келтірген жоқ. Кейін, Джина тұрмысқа шыққан соң, отаға келісіп, қайтадан көру мүмкіндігіне ие болады. Енді оның өмірі жарқын сәттерге толы болмақ.

 

«Жақ!»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.12.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Кирилл Плетнёв

Рөлдерде: Инга Оболдина, Виктория Исакова, Анна Уколова, Владимир Ильин

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Әйелдер колониясының бақылаушысы еліндегі басты ән байқауына қатысуды ұйғарады. Кейіпкер көптен бері армандаған күні жақындаған сайын, бір ғана таланттың аздық етенін жақсы түсінеді. Бұрынғыдан да мықты әрі үздік болу үшін жасаған әрекеттері арқылы өзінің шынайы бейнесін табады.

 

«Тұңғиыққа бату»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.12.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Дэнни Стронг

Рөлдерде: Зои Дойч, Кевин Спейси, Николас Холт, Сара Полсон

Жанры: драма, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жазушы Джером Сэлинджердің өмірбаян тарихы. Авторды бүкіл әлемге танытқан «Тұңғиыққа бату» романын жазуға не түрткі болды? Кино осы сұраққа жауап береді.

 

«Шынжырлы ит»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.12.2017

Мемлекеті: Болгария, АҚШ, 2017

Режиссері: Пол Солет

Рөлдерде: Эдриан Броуди, Рори Калкин, Антонио Бандерас, Джон Малкович

Жанры: триллер, қылмыстық

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Екі еркек қойманы тонауды жоспарлайды. Бірақ, басынан бастап-ақ жоспарлары іске аспайды: қойманың иесі полицей қызметкері болып шықты. Оның үстіне, бұзақыларды күзетші ит ДеНиро байқап қалды. бұл оқиғаның соңы немен аяқталар екен?

 

«Төртеуі банкке қарсы шықты»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.12.2017

Мемлекеті: Германия, 2016

Режиссері: Вольфганг Петерсен

Рөлдерде: Антье Трауэ, Александра Мария Лара, Тиль Швайгер, Ясмин Лорд

Жанры: комедия, қылмыстық

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Үш дос бар ақшаларын банкке сақтап қойған еді. Бірақ, бір күні банк өртеніп кетеді. Еркектер арзан барда отырып, қайғыларын ащщы сумен басып отырады. Сол жерде күйіп кеткен банктың бұрынғы қызметкерімен танысады. Төрт жігіт ақшаларын қайтару үшін әрекетке көшеді.

 

«Эспен троллдар патшалығында»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.12.2017

Мемлекеті: Норвегия, 2017

Режиссері: Миккель Бренне Сандемусе

Рөлдерде: Торбьорн Харр, Эллан Хайд, Синневе Макоди Лунд

Жанры: шытырман, фэнтези

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Эспен және оның ағасы – құлдырауға шақ тұрған кішігірім ферманың иелері. Эспен ақша табу мақсатында Тау патшасы ұрлап кеткен ханшайымды құтқаруға тырысады. Себебі, ханшайымды аман-есен тауып әкелген адамға қалаған дүниесі беріледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса