È

«Жақ!» ресейлік картинасы Disney-дің релиз топтамасына енді

«Жақ!» ресейлік картинасы Disney-дің релиз топтамасына енді

Кирилл Плетневтің «Жақ!» комедиясы әрі драмасы Disney-дің релиз топтамасына ресми түрде енді. Фильмдегі басты рөлді Инга Оболдина сомдады. Ол фильмдегі рөлі үшін 28-ші «Кинотавр» Ресей ашық кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болған.

Картина тұсаукесері 7 желтоқсанда болады.

Сюжет әйел колониясының тамаша дауысы бар бақылаушысы туралы әсерлі оқиғаны баяндайды. Ол тағдырдың қалауымен үлкен бір халықтық байқауда бақ сынап көреді де, дарынын ғана көрсетіп қоймай, өзінің кім екенін және нені қалайтынын түсіне бастайды.

Оған бұрынғы уақытта әнші болған колонияның бір тұтқыны көмектеседі.

Сонымен қатар, фильмге Виктория Исакова, Анна Уколова, Владимир Ильин, Алексей Шевченко, Татьяна Догилева, Александра Бортич, Данил Стеклов, Екатерина Агеева түскен.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы Meloman Entertainment компаниясы болып табылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер