«Өте нашар аналар 2» фильмінің тұсаукесері Хэллоуин қарсаңында болды
«Өте нашар аналар» тұсаукесерінен кейін 15 ай өткен соң STXfilms ерекше таспаның жалғасын шығаруда. Басты рөлдерді қайтадан Мила Кунис, Кристен Белл және Кэтрин Хан сомдайды.
Режиссерлардың бірі Джон Лукастың айтуынша, сиквелдің тұсаукесері Хэллоуин қарсаңында болған: «Түсірілімнің 34 күні ішінде топ мүшелері Атлантаны қысқы Чикагоға ұқсатып бақты». Бұл таңсық емес, себебі азат аналардың оқиғалары Рождество қарсаңында болған.
Лукас пен «Өте нашар аналар 2» фильмінің екінші режиссері Скотт Мур мерекелердің көптігін және франшиза түсіріліміне қажетті материалдардың жеткілікті екендігін алға тартты. «Бүгінгі таңда «Форсаждың» 8 бөлімі түсіріліп қойған, сондықтан топ пен актерлар дайын болса, біз де тезірек іске көшуіміз қажет».
Кейіпкер Кунистың әкесін сомдайтын Питер Галлахер таспаның көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлайтындығын және демалып көретін картина болатындығына уәде берді. «Өте нашар аналар 2» фильмінің АҚШ-тағы тұсаукесері сәрсенбі күні, 1 қарашада болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін