È

Квентин Тарантино Чарльз Мэнсон туралы фильмінің актерлік құрамына Аль Пачиноны шақырды

Квентин Тарантино Чарльз Мэнсон туралы фильмінің актерлік құрамына Аль Пачиноны шақырды

Өткен аптаның соңында Леонардо ДиКаприоның Квентин Тарантиноның фильмінде сериялық қанішер Чарльз Мэнсонды сомдайтыны белгілі болған еді. Хикая көпшілікті қызықтыра бастады. Variety-дің хабарлауынша, осы жобаға Аль Пачиноның да қосылатыны мәлім болды.

Тарантиноның жаңа фильміндегі оқиға 1969 жылы жазда Лос-Анджелесте болған. Хикаяда ер азамат - табысты бір телехикаяға түскен телевизиялық актер. Ол алға қарай талпынып, нағыз фильмнің түсірілім алаңына тап болғысы келеді. Досы да бағын екінші рет сынап көреді. Бірақ, бұл фильм сюжетінің қосалқы желісі, ал Чарльз Мэнсонның Шэрон Тэйт пен төрт досын өлтіргені негізгі бөлігі болып қала береді.

Аль Пачиноның қандай рөл сомдайтыны әзірге түсініксіз. Бірақ, Марго Робби Шэрон Тейтті сомдайды. Картинаға түсуге қатысты Том Крузбен де келіссөздер жүргізілуде. Тарантиноның жаңа фильмінің құны шамамен фантастикалық 400 миллион долларға бағаланып отыр. Таңдаулы диалогтарымен танымал режиссердің жобасына Аль Пачиноның қатысуы ерекше қызығушылық тудыруда. Аль Пачиноның жұмыстары қазір аса жақсы жүріп жатқан жоқ. Соңғы уақытта оның қатысуымен шыққан таспалар («Өтіріктен де жаман», «Сомали қарақшылары», «Виселица») көрермен көңілінен шықпады.

Квентин Тарантиноның жаңа фильмінің тұсаукесері 2019 жылдың 9 тамызында болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер