È

Леонардо ДиКаприо Квентин Тарантиноның фильмінде қанішердің рөлін сомдайды

Леонардо ДиКаприо Квентин Тарантиноның фильмінде қанішердің рөлін сомдайды

Deadline басылымының хабарлауынша, Леонардо ДиКаприо Квентин Тарантиноның фильміне басты рөлге шақырылған екен, яғни актер сериялық қанішер, «Жанұя» сектасының жетекшісі Чарльз Мэнсонды сомдайды. Белгілі режиссердің жаңа жұмысының әзірге атауы жоқ. 1969 жылы «Жанұяның» мүшелері Мэнсонның тапсырысымен АҚШ-та қанды қылмыс жасайды. Танымал актриса, кинорежиссер Роман Поланскидің әйелі, ішінде тоғыз айлық баласы бар Шэрон Тейтті осылар өлтіріп кетеді.

Мэнсон туралы фильмнің түсірілімі ДиКаприо үшін 2015 жылы жарыққа шыққан Алехандро Иньярритудың «Тірі қалған» картинасынан кейін біріншісі болмақ. Актер осы таспадағы рөлі үшін «Оскар» иеленген. Леонардо ДиКаприо Квентин Тарантиномен бұрын да жұмыс істеген. 2012 жылы ол «Босатылған Джангода» басты рөлдердің бірі, қатігез құл иеленуші Кэлвин Кэндиді сомдаған.

Тарантино фильміндегі оқиға 1969 жылы Лос-Анджелесте өрбиді және Мэнсон мен тобының сериялық қылмыстарына тоқталады. Марго Робби («Өзін-өзі өлтірушілер тобы», «Тоня барлығына қарсы») Шэрон Тейт рөліне дайындалуда. Бұл Тарантиноның Weinstein Company-дің қатысуынсыз түсірілетін алғашқы фильмі болмақ. Былтырғы жылдың қарашасында Sony фильм құқығын сатып алып, кинонарықтың ірі ойыншылары Warner Bros. пен Paramount-ты шарлап шыққан. Бұл хикаяның тұсаукесері 2019 жылдың 9 тамызына жоспарланып отыр.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

15 января 2018, 18:20

Лео мұндай образда қалай болар екен, қызық?!

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер