È

«Letter» Таиландтан

«Letter» Таиландтан

Таиландта Amazing Thailand Film Challenge байқауы мәресәне жетті, онда жас режиссерлер Диас Кұлмақов және Шерхан Тансыкбаев қатысты. Қазақстандықтар South Eastern Cluester өңірлік секциясында жеңіске жетті. Олар «Letter» қысқа метрін ұсынды. Гран-приді Испанияның командасы алды. .

Amazing Thailand Film Challenge - қысқаметражды кино байқауы, басты шарты фильм 4 күнде түсірілуі керек. Жыл сайын ұйымдастырушылар қатысушыларға жеке көмекші, көлік, түсірілімге арналған бюджет бөледі. Фестивальдың ақтық сынына 32 команда өткен, олардың арасында біздің отандастырымыз да бар. Айта кетейік, Қазақстан бұл байқауға алғашқы рет қатысып отыр.

Бангкокта екі күн болған қазақстандық команда Тайландтың оңтүстік-шығысындағы провинцияға аттанды, сол жерде түсірілім жүрді.

«Біз өзь отанында мақсатына жеткісі келетін жас жігіт туралы оқиғаны түсірдік. Сценарий авторы Санжар Бекжанов. Таиландта Қазақстанды «Квартирантка» фильмінің қоюшы-операторы Шерхан Тансыкбаев таныстырды», - деді Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенті, режиссер және басты рөлді орындаушы Диас Кұлмақов.

Марапаттау салтанаты 13 шілдеде Бангкоктағы Тайланд ұлттық театрында өтті. Фестиваль мүсінімен бірге жеңімпаздарға 30 мың бат (900 доллар) сыйақы берілді. Салтанатты іс-шараға австралиялық актер Каллан МакОлиффи, вьетнам актеры әрі режиссеры Дастин Нгуен, тай актеры Аум Атичарт және басқалар қатысты.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер