È

«Әділдік одағы»: Эзра Миллер туралы 5 дерек

«Әділдік одағы»: Эзра Миллер туралы 5 дерек

Экранға «Әділдік одағы» шыққалы бері Эзра Миллер есімі танымал бола бастады. 25 жасар актер Бен Аффлек, Галь Гадот, Джейсон Момоа және Генри Кавелл сынды актерлармен бірге «Әділдік одағы» фильмінде басты рөл – Флэшты сомдады. Бұл жақында оның әдемі бейнесін кадрда жиірек көретін боламыз дегенді білдіреді. Төменде Эзре туралы маңызды 5 дерек ұсынамыз, осыдан кейін оның жанкүйерлері көбейе түсетін сияқты.

1. 2018 жылы ол DC әлемінде «Флэш» атты жеке фильміне ие болады.

Эзра алғаш рет экранға Флэш ретінде «Бэтмен Суперменге қарсы: Әділдік таңында» фильмі арқылы шықты, кейіннен «Өзін-өзі өлтірушілер» картинасындағы рөлге ие болды. Қазіргі таңда 2018 жылға жоспарланып отырған жеке фильмінде Барри Алленді тағы да сомдауға дайындалып жүр.

2. Ол танымал болып көрінеді.

Егер сіз «Жуас болған қандай жақсы», «Кевинге бірдеңе болды» немесе «Фантастикалық мақұлықтар және олардың мекендейтін жерлері» картиналарын тамашалаған болсаңыз, онда бұрын экраннан Эзраны көрдіңіз деген сөз.

3. Ол топта ойнайды.

Эзра үш адамнан тұратын «Sons of an Illustrious Father» тобында дабылда ойнайды және вокалға жауап береді.

4. Ол – опера әншісі.

Эзра бала күнінде тұтығып сөйлейтін. Сондықтан, тіл кемістігімен күресуі үшін опералық ән сабақтарына барып жүрген, кейіннен Метрополитен Операда ән салып, 2001 жылы Филип Гласстың «Ақ Құзғын» атты заманауи операсының американдық тұсаукесерінде ән шырқады.

5. Ол өзін эксцентрик ретінде көрсетеді.

2012 жылы Эзра Out Magazine-де өзінің сексуалды жағдайы туралы ашық айтқан: «Мен – эксцентрикпін, мен – біртүрлімін. Менің түрлі жынысты, сексуалды жағдайлары әр түрлі тамаша достарым бар. Олардың жеке бастарының мәселесі маңызды емес, мен барлығын өте жақсы көремін». Актер сондай-ақ, өзінің сексуалды қалыптасу кезеңінде «мектепте бір баланы сүймек болғаны» туралы да ашық айтқан.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 қараша 2017, 12:59

Флеша надо сменить

Олег Кромкин

1 желтоқсан 2017, 14:16

а вот и критик из зажопинского чуркистана подъехал)

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер