«Люди Икс: Апокалипсис» режиссеры келесі бөлімдерде Росомахты ауыстырмақ
Санаулы күндерден кейін «Люди Икс: Апокалипсис» фильмінің тұсаукесері болады. Көрермендері асыға күткен картина желіде қызу талқылануда. Ал кино авторлары бүгінде картинаның үшінші бөлімін түсіруді ойластырып жатыр. Былтыр Росомахтың рөліндегі Хью Джекман «Люди Икс» жобасынан кететінін айтып қалған болатын. Режиссер келесі бөлімде Росомахты қолында екі тырнағы, аяғында бір тырнағы бар әйел жынысты Икс - 23 клонға ауыстыруы мүмкін екенін енді ғана айтты. Клон «Сила Икс» комиксінен таныс. Сингер тарапынан ұсыныс әзірге тек талқылануда, бірақ ресми түрде бекітілген жоқ.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін