È

Апта тұсаукесерлері: Бөтен адамдар

Апта тұсаукесерлері: Бөтен адамдар

Отандық киноөндірушілер көрерменге жақсы тосынсый жасады: осы аптада отандық екі картина прокатқа шығады – «Бейтанысым менің» және «Қазақ елі». Бірақ айта кету керек, ең асыға күткен фильм «Люди Икс: Апокалипсис» болып қалады. Қазақстандықтардың алдында екі таңдау бар, отандық кинемотографты қолдау немесе фантастикалық атыс-шабыс фильміне барып көру. Бір қуантатыны, әркімнің талғамы бөлек болғанымен, ең баыстысы таңдау бар.

 

«Бейтанысым менің»

Қазақстандық тұсаукесер: 19.05.2016

Елі: Қазақстан, 2016

Режиссер: Ёдгор Насыров, Бобур Юлдашев

Рөлдерде: Жан Байжанбаев, Гүлнар Дусматова, Диляра Байжанисова, Беруний Нарзуллаев, Рано Шодиева

Жанр: мелодрама, шытырман оқиға

Жасқа қарай шектеу: 14 жасқа дейін

Бір күні Алматы әуежайында екі жас бір-бірімен кездейсоқ кездесіп қалады, бұл кездесу олар үшін өте маңызды болып шықты. Чемодандарын абайсызда ауыстырып алған Әлішер мен Айлин өз махаббатарын табады. Кейін олар өздерінің кездесулерінің арғы жағында үлкен құпия жатқанын біледі. Олар бір-біріне кім, жақындар ма, әлде жат адамдар ма, осыны білу үшін оларға біраз қиындықтардан өтуге тура келеді.

 

«Қазақ елі»

Қазақстандық тұсаукесер: 19.05.2016

Елі: Қазақстан, 2015

Режиссер: Батырхан Дауренбеков

Жанр: тарих, мультфильм

Әбілхайыр ханды дуалап, оның ақылы тұмандана бастайды. Жас Жәнібек пен Керейді ол жау көреді. Хандықтан айырылып қалап деген қауіппен ол жігіттерді өлтіруге бел буады. Алайда даналықпен жақсы сабақ алған Жәнібек пен Керей қиындықтарды жеңе біледі. Шешуші қақтығыста олар жауды тізе бүктіріп, қазақ елінің басын біріктіріп, қазақ хандығын құрады.

 

«Люди Икс: Апокалипсис»

Қазақстандық тұсаукесер: 19.05.2016

Елі: США, 2016

Режиссер: Брайан Сингер

Рөлдерде: Джеймс МакЭвой, Майкл Фассбендер, Хью Джекман, Дженнифер Лоуренс, Софи Тернер, Николас Холт, Ченнинг Татум, Оскар Айзек, Роуз Бирн, Оливия Манн

Жанр: экшн, приключения, фэнтези

Жасқа қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Жер бетінде адам енді пайда болғанда мутанттар пайда бола бастайды. Ежелгі мутанттардың бірі Апокалипсиспен Икс Адамдар арасында қауіпті соғыс болады, бұл жер бетіндегі соңғы соғыс болуы мүмкін. Өлмейтін құбыжықты жеңу үшін мутанттарға өөздерінің түрлері туралы көп ақпарат білу керек. өйткені Апокалипсис өте күшті және ол жерде тек мықтылар ғана өмір сүруі керек деген қағиданы ұстанады. Картина «Люди Икс: Последняя битва» фильмінен кейін 10 жылдан кейін прокатқа шыққалы тұр.

 

«Неслабый пол»

Қазақстандық тұсаукесер: 19.05.2016

Елі: Қазақстан, 2016

Режиссер: Дженнифер Финниган, Джонатан Силвермен

Рөлдерде: Мена Сувари, Джофф Стульц, Эми Рутберг, Джои Фатоне, Эрик Робертс, Кристин Ченоуэт, Джош Хопкинс, Дебра Джо Рапп, Надя Дажани, Дэна Эшбрук

Жанр: комедия

Жасқа қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Адвокат Винс қашанда қай жерде же жеңіске жетіп жүреді. Оның өміріндегі қыздардың соншалықты тез ауысатынын соншалық, көз ілеспейді. Жағдайы жақсы бойдақ жігіттің бетін ешкім қайтарып көрмеген, бірақ Джейнді кездестіргеннен кейін оның өмірі толықтай өзгеріп кетті. Енді Винстің бір ғана мақсаты бар, қалай да қызды өзіне қарату. Бірақ ол өзінің қыздың ережесіне қалай бағынып қалғанын білмей қалады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса